«Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты республикалық дөңгелек үстел өтті

2019 ж. 12 ақпанда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмасын орындау мақсатында «Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты Республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырманы іске асыру аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобаны орындау шеңберінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың жалпы әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын құру тұжырымдамасының Жобасын және ғалымдар қауымдастығы мақұлдаған әрі жалпыұлттық мүдделерге сай келетін, ғылыми тұрғыдан қалыптастырылған «Ұлы даланың ұлы есімдері» тізімін  талқылау.

Дөңгелек үстелдің модераторлары ретінде ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Е.Т. Садықов пен институт директоры З.Е. Қабылдинов болды. Дөңгелек үстел жұмысына Р.Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институтының директоры, профессор Д.Б. Әбсаттар, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры А.Қ. Бижанов, А. Байтұрсынов ат. Тіл білімі институтының директоры Е.З. Қажыбек, ҚР ҰҒА-ның құрметті академиктері – Қ.Т. Жұмағұлов, М.Қ. Қойгелдиев, Т.О. Омарбеков, әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Тарих, археология және этнология» факультетінің деканы М.С. Ноғайбаева, Мемлекет тарихы институтының ғалым хатшысы А.Ж. Ғабдуллина сияқты кәсіби тарихшылар, көрнекті қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, докторанттар мен магистранттар, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

«Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту республикалық саябағын қалыптастыру үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты даярлаған тұжырымдамасы жобасын негізге ала отырып, дөңгелек үстелге қатысушылардың ұсыныстары мен ескертулері негізінде Тұжырымдамаcы толықтырылып, бекітіледі. Зерттеудің нәтижелерін танымалдандыру мақсатында «Ұлы даланың ұлы есімдері» мультимедиялық алаңы (картасы) әзірленеді, онда «Ұлы даланың ұлы есімдері» Тұжырымдамасы мен Тізімінің бекітілген нұсқасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылады.