Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Армян әріптестерімен ынтымақтастық


2019 ж. 19 ақпанда институтқа Армения Республикасының Алматы қ. Құрметті консулы Арам Навасардян келді. Кездесу барысында Армениядағы Археология және этнология институтының мүдделеріне өкілдік етіп, аталған ғылыми мекемемен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы ұсынысын білдірді. Армян әріптестерімен ынтымақтастық бірлесіп ғылыми жобаларды жүзеге асыру, монография жазу, магистранттар мен докторанттарға тағылымдаманы ұйымдастыру, сонымен қатар конференция өткізуімен байланысты болады.