Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қоғамдық сананың сабақтастығы мен жаңғыруындағы бірлік пен әртүрлілік кескіні арқылы Батыс пен Шығыс мәдениетінің сұхбаты: ежелгі дәуір, ортағасыр, жаңа заман» атты Халықаралық ғылыми конференция


2019 жылдың 28 наурызда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Философия, саясаттану және дінтану институты, Р.Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институты, «Санкт-Петербург Гуманитарлық кәсіподақ университеті» жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік емес білім беру мекемесінің Алматыдағы филиалының антикалық орталығы М.П. Мусоргский ат. Орал мемлекеттік консерваториясы «Қоғамдық сананың сабақтастығы мен жаңғыруындағы бірлік пен әртүрлілік кескіні арқылы Батыс пен Шығыс мәдениетінің сұхбаты: ежелгі дәуір, ортағасыр, жаңа заман» тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция өткізеді.

Конференцияның негізгі ғылыми бағыттары:

  • Қазақстанның кеңістігіндегі мәдениеттердің шығыс және батыс ұстанымдық сұхбаты: ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін;
  • Шығыс пен Батыс мәдениеттері арасындағы өзара қарым-қатынас тарихындағы дінаралық сұхбаттар мәселелері;
  • Ежелгі дәуір, ортағасыр, жаңа және қазіргі заманғы Шығыс және Батыс: мәдениеттердің бірлігі;
  • Шығыс өркениетінің мәні мен ерекшеліктері: ежелгі әлем, орта ғасырлар, жаңа дәуір және қазіргі заман;
  • Батыс өркениетінің мәні мен ерекшелігі: антикалық дәуірден қазіргі заманға дейін.

Конференцияның тақырыбы екі мәдениеттің, Шығыс пен Батыстың арасындағы сұхбаттастықтың өзіндік ерекшеліктерімен ғана емес, бір-біріне деген ықпалдастығын қарастыруға бағытталған. Осы мақсатта Шығыс пен Батыстың, оның ішінде Қазақстанның, өркениеттерінің тарихи тағдыры контексінде қазақстандық пен шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижелерін жүйелеуге әрекет жасалды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы мен жақын және алыс шет елдердің танымал тарихшылары, сондай-ақ, университет профессорлары, мамандар, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.

Конференцияның жұмыс тілдері: орыс, қазақ, ағылшын.

 Ұйымдастырушылар: Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Философия, саясаттану және дінтану институты, Р.Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институты, «Санкт-Петербург Гуманитарлық кәсіподақ университеті» жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік емес білім беру мекемесінің Алматыдағы филиалының антикалық орталығы М.П. Мусоргский ат. Орал мемлекеттік консерваториясы (Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы).

 Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы», 3-қабат, Кіші конференц-зал.

Өтетін уақыты: 2019 ж. 28 наурыз, сағат 11.00.

Байланыс деректері: 050010, Алматы қ., Шевченко көш., 28, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, тел. 8 (727) 261-01-33, 261-67-19; fax: 8 (727) 261-67-19.

  

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті