Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Өзбекстандағы қазақ диаспорасының киелі жерлерін зерттеу проблемалары»


2019 ж. 26 ақпанда Институттың жылдық жоспарына сай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өзбекстандағы қазақтардың киелі жерлері (Жалаңтөс батыр, Төле, Айтеке билердің қабірлері т.б.), пайда болуы, зерттелу тарихы, қазіргі кездегі жағдайы» гранттық жобасы бойынша «Өзбекстандағы қазақ диаспорасының киелі жерлерін зерттеу проблемалары» атты дөңгелек үстел жұмысы өтті. Шара барысында Тохтабаева Ш.Ж. «Этикет казахов» (Алматы, 2013. – 500 с.) еңбегін көпшілікке таныстырып, Институт ұжымына бірнеше кітабын сыйға тартты. Өз кезегінде ұйым басшысы З.Е. Қабылдинов авторды алғыс хатпен марапаттап, гүл шоқтарын сыйлады. Этнограф-ғалым С.Е. Әжіғали кітапқа байланысты өз ойларымен бөлісіп, автордың жемісті еңбек еткенін атап өтті. Дөңгелек үстелде жоба жетекшісі, т.ғ.д., профессор А. Тоқтабай бастаған бір зерттеуші-мамандар: PhD Құрманалина Н.Н., ғылыми қызметкерлер Боздақова Ш.Ә., Қарамендина М.Ө. және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан арнайы шақырылған белгілі этнограф Б.К. Қалшабаева дөңгелек үстел тақырыбына қатысты баяндамаларын оқып, тұшымды ойларымен бөлісті. Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, т.ғ.д. М.Қ. Қойгелдиев Өзбекстан қазақтарының киелі жерлерін зерттеу жұмыстарына орай өзінің пікірін білдіріп, ғылыми ұсыныстарын жеткізді. Іс шараға еліміздің белді ЖОО – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ мамандары, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты қызметкерлері, БАҚ өкілдері, Институт ұжымы, жас ғалымдар – докторанттар және магистранттар қатысты.