Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қоғамдық сананың сабақтастығы мен жаңғыруындағы бірлік пен әртүрлілік кескіні арқылы Батыс пен Шығыс мәдениетінің сұхбаты: ежелгі дәуір, ортағасыр, жаңа заман» атты Халықаралық ғылыми конференция


2019 ж. 28 наурызда институтта Философия, саясаттану және дінтану институты, Р.Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институты, «Санкт-Петербург Гуманитарлық кәсіподақ университеті» жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік емес білім беру мекемесінің Алматыдағы филиалының антикалық орталығы М.П. Мусоргский ат. Орал мемлекеттік консерваториясымен бірігіп «Қоғамдық сананың сабақтастығы мен жаңғыруындағы бірлік пен әртүрлілік кескіні арқылы Батыс пен Шығыс мәдениетінің сұхбаты: ежелгі дәуір, ортағасыр, жаңа заман» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияның негізгі ғылыми бағыттары:

  • · Қазақстанның кеңістігіндегі мәдениеттердің шығыс және батыс ұстанымдық сұхбаты: ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін;
  • · Шығыс пен Батыс мәдениеттері арасындағы өзара қарым-қатынас тарихындағы дінаралық сұхбаттар мәселелері;

 

  • · Ежелгі дәуір, ортағасыр, жаңа және қазіргі заманғы Шығыс және Батыс: мәдениеттердің бірлігі;

 

  • · Шығыс өркениетінің мәні мен ерекшеліктері: ежелгі әлем, орта ғасырлар, жаңа дәуір және қазіргі заман;

 

  • · Батыс өркениетінің мәні мен ерекшелігі: антикалық дәуірден қазіргі заманға дейін.

 

Конференция барысында екі мәдениеттің, Шығыс пен Батыстың арасындағы сұхбаттастықтың өзіндік ерекшеліктерімен ғана емес, бір-біріне деген ықпалдастығы қарастырылған. Осы мақсатта Шығыс пен Батыстың, оның ішінде Қазақстанның, өркениеттерінің тарихи тағдыры контексінде қазақстандық пен шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижелерін жүйелеуге әрекет жасалды. Конференцияға Қазақстан Республикасы мен жақын және алыс шет елдердің танымал тарихшылары, сондай-ақ, университет профессорлары, мамандар, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысты.