Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қ.И.Сәтбаев: ҚҒА тұңғыш президенті, ғылымды ұйымдастырушы, кемеңгер ғалым және қоғам қайраткері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы


2019 жылдың 4 сәуірінде Ғылым ордасының Концерттік залында кемеңгер ғалым, ҚҒА Тұңғыш президенті, еліміздегі ғылымды ұйымдастырушы, Мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орайластырылған «Қ.И. Сәтбаев: ҚҒА тұңғыш президенті, ғылымды ұйымдастырушы, кемеңгер ғалым және қоғам қайраткері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық музейі, «Ғылым ордасы» РМК. Конференция алдында Қ.И. Сәтбаевтың ҰҒА бюстіне гүл шоқтары қойылып, оған ҰҒА академигі С. Оздоев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Б. Мамраев, Алматы қаласының әкімінің кеңесшісі М. Ахетов, ғалымның туған-туысқандары қатысты. Конференцияда ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Е.Т. Садықов, ЮНЕСКО-ның ҚР және Орталық Азия бойынша Алматыдағы кластерлік бюросының директоры Криста Пиккаттың, Алматыдағы Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Бас консулдары, «Каспиан Оффшор Констракшн» ЖШС бас директоры Т.З. Шарапиевтің құттықтау сөздерін айтты. Модератор ретінде институт директоры З.Е. Қабылдинов болды. Пленарлық отырысында ҚР ҰҒА Д.К. Кішібеков, А.К. Курскеев, Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Г. Аяған, институттың бас ғылыми қызметкері Қ.С. Алдажұманов, еңбегі сіңген қайраткер, профессор К.К. Абуев, Қ.И. Сәтбаев ат. Мемориалдық музейінің директоры Б.А. Айтмухамбетова.

Қ.И. Сәтбаев XX ғ. Қазақстандағы ғылым мен ғылыми ойлар тарихында ерекше орын алады. Кеңестік металлогения ғылымының негізін қалаушы және қазақ металлогения мектебінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы, әлемдегі ең ірі мыс кеніштерінің бірі – Ұлытау-Жезқазған кен орнын тұңғыш ашушы.

Конференция аясында Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық музейі және «Ғылым ордасы» РМК ғылыми кітапханасының қорынан алынған көрмелер ұйымдастырылды.