Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ғылым күніне арналған салтанатты жиналыс


2019 ж. 12 сәуірде «Ғылым ордасы» РМК ғылыми қызметкерлер күніне және көрнекті ғалым-геолог, ҚазақССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қ.И. Сәтбаевтың 120-жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Салтанатты мәжіліске Қазақстанның академиктері мен танымал ғалымдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, жас ғалымдар, қоғам қайраткерлері, және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Іс-шараның модераторы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Президенті М.Ж. Жұрынов ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға сөз берді. Сонымен қатар, Алматы қ. білім басқармасының жетекшісі Г.М. Ходжабергенова қала әкімі Б.Қ. Бәйбектің құттықтау сөзін оқып шықты.

Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің марапаттарын, құрмет грамоталар мен алғыстарын тапсыру рәсімі өтті. Институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Ә. Дәулетхан «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.