Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


2019 жылдың 6 мамыры күні сағат 11:00-де ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттар:

  1. Қазақстанның әскери құрылысындағы Ұлттық Құрамалардың рөлі және маңызы;
  2. Қазақстанныңи Жеңіске қосқан үлесі;
  3. Қазақтардың Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысына қатысуы;
  4. Әскери тұтқын болған қазақтардың тағдыры;
  5. Еңбек армиясының құрамындағы қазақтар.

Конференция жұмысына қатысу үшін ұсынылған форма бойынша өтінім мен баяндама мәтінін жіберу қажет.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Көлемі 5 беттен 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» – 14. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 2, оң жағы – 2 см. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2019 жылдың 6 мамырына дейін.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы және байланыс телефондары:

Мекенжайы: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты; 8 (727) 272-46-55 (Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімі); е-mail: kazhistory@bk.ru; S.Shildebai@mail.ru; saltasanova@gmail.com

Конференция өтетін орын: Алматы қ., Шевченко көш., 28, 2 қабат, 205 каб. Басталуы: сағат 11:00.

Аты-жөні (толық) _________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ___________________________________

Лауазымы: _______________________________________________________

Ұйымның толық атауы: ____________________________________________

Байланыс телефоны: _______________________________________________

Автордың адресі:___________________________________________________

Факс, E-mail ______________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:______________________________

 

Ұйымдастыру комитеті