Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ермұқан Бекмаханов атындағы сыйлыққа жас тарихшы-ғалымдарға арналған республикалық байқауының ақпараттық хаты


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Институттың Жас ғалымдар кеңесі қазақтың тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі ЕРМҰҚАН БЕКМАХАНОВ атындағы сыйлыққа жас тарихшы-ғалымдарға арналған халықаралық байқау жариялайды.

  БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ: 

  • · дарынды жас тарихшылар мен зерттеушілерді іздестіру, олардың ғылыми және шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету;
  • · жас буын өкілдерін Ермұқан Бекмахановтың ғылыми мұрасымен таныстыру, оның өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау;
  • · рухани жаңғыру мен тарихи сананы қалыптастыруға, қазақ халқы тарихының өзекті мәселелерін зерттеуге жас ғалымдарды тарту.

Байқауға 35 жасқа дейінгі еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен PhD докторанттары, ғылыми-зерттеу институттарының және орталықтарының, музейлер мен архивтердің жас қызметкерлері, жас тарихшы-ғалымдар, шетелдегі жас қазақ зерттеушілері қатыса алады.

БАЙҚАУҒА ҚАБЫЛДАНАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • · Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасы;
  • · Алаш қозғалысы: тарихы мен тағылымы;
  • · Ұлт-азаттық қозғалыс;
  • · Тұлға және тарих;
  • · Археология және этнологияның өзекті мәселелері.

* Ескерту: аталған бағыттар бойынша қабылданатын ғылыми жұмыстардың хронологиялық шеңбері – ХІХ ғ. мен ХХ ғ. бас кезі.

 БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: 

  • · байқау жұмыстары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми мақала түрінде қабылданады;
  • · мақала байқаудың негізгі бағыттарының біріне арналуы тиіс;
  • · мақаланың көлемі 5 беттен кем емес, 12 беттен аспауы шарт (шрифт –Times New Roman, кегль – 14, интервал – 1, шектері – 2 см);
  • · мақала ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға жауап беріп, мәтіннен, қолданылған деректер мен әдебиеттер көрсеткішінен тұру керек;
  • · мақалада зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы көрсетіліп, алға тартылған ойлардың құжаттық-деректік дәлелдері келтірілген жөн.

Байқаудың қорытындыларын арнайы құрылған комиссия шешеді.

Байқауға қабылданып, іріктеуден өткен жұмыстардың авторлары арнайы алғыс хаттармен және қатысушы сертификаттарымен марапатталады.

Байқау жеңімпазына арналған бас жүлде – 300 000 теңге

2 орынға – 150 000 теңге

3 орынға – 75 000 теңге

Сонымен қатар қалған 2 үздік байқау жұмыстарына 50 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындалады.

Іріктеуден өткен үздік жұмыстар (ғылыми мақалалар) Байқау комиссиясының шешімімен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің ғылыми ізденіс пен зерттеулердің қорытындыларын жариялауға ұсынған («Отан тарихы» және «e-history.kz») ғылыми журналдарында тегін жарияланады.

Байқауға ұсынылған ғылыми жұмыстар мен өтініштер электрондық нұсқада 2019 жылдың 20 қазанға дейін қабылданады (хаттың тақырыбында «Бекмаханов байқауына» деп көрсетілуі тиіс).

Байланыс деректері:

Байланыс телефоны: 8 (727) 272-44-79, 8 771 749 10 05, 8 707 225 26 45

Эл.пошта: malika-94kz@mail.ru

                ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ                          

1 Тегі, аты-жөні (толық)
2 Жұмыс немесе оқу орны (егер студент, магистрант немесе докторант болса, онда міндетті түрде оқу орнының атауы, факультеті және курсы көрсетілуі керек)
3 Атағы немесе дәрежесі
4 Байланыс телефоны және мекен-жайы
5 E-mail
6 Мақаланың атауы