Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Мәскеу конференциясына қатысу және екі меморандумға қол қою


Мәскеудегі Жалпы тарих институтының базасында 2019 ж. 16-17 мамырда Мәскеу қаласында «Еуразия жүрегінде: Ресей мен Қазақстанның тарихи қиылысында» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Онда институт директоры З.Е. Қабылдинов. Мұнда «Тарих» атты жаңа электронды ғылыми-білім беру журналы ұсынылды, «Scopus» деректер қорына енгізілді. Институт жалпы тарих институтымен (Ресей) және гуманитарлық ғылымдар бойынша Ресей мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазақстан мен Ресейдің тарихшыларының бірлескен жұмыс тобының қатысушылары келесі кездесуді және Алматыда (мамыр-маусым айларында) халықаралық конференция өткізуге шешім қабылдады. Институт басшылығының тарапынан 2020 жылы Алматы қаласында жас тарихшыларға арналған жыл сайынғы халықаралық жазғы мектеп өткізу туралы ұсыныс жасалды. Институт кітапханасына ресейлік ғалымдардың 10-нан астам ғылыми кітаптары сыйға тартылды. Институт «Орта жүздің сұлтандары мен батырлары (XVIII ғасырдың екінші жартысы)» және «Алаш қазақ мемлекеттілігінің тарихында: идеялар, тағдырлар, мұралар» мұрағат материалдарының 2 жинағын ұсынды.