Қазақтардың субэтникалық топтары бойынша дөңгелек үстел

2019 жылғы 28 мамырда Институтта «Қазақтардың субэтникалық және этнографиялық топтарының ерекшеліктері» тақырыбында Дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына баяндамашылар ретінде Институттың ғылыми қызметкерлері қатысты: этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Орынбаева, научные сотрудники Болат Смағұлов, Азамат Рыскильдин, Тимур Рысқұлов. Дөңгелек үстелдің модераторы Институт директоры, проф., т.ғ.д. Зиябек Қабылдинов болды. Соған қоса, баяндамасын Қожа-Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ.) Ясауи Орталығының аға ғылыми қызметкер Зікірия Жандарбек те берді. Дөңгелек үстелдің тақырыбы аясында өз пікірлерін Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану бөлім меңгерушісі, проф., т.ғ.д. Меруерт Әбусеитова, Институт директоры, проф., т.ғ.д. Зиябек Қабылдинов және т.б. ғалымдар айтты.

Дөңгелек үстелде көптеген мәселелер талқыланды: қазақ халқының этникалық тарихы, қазақ халқының құрамындағы субэтникалық топтардың ерекшеліктері, Еуразия кеңістігіндегі ассимляция процестері және т.б.