Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпараттық хат


Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты 2019 жылы       11 маусымда сағат 12.00-де «Ғылым ордасы» кіші конференц-залында Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық  мақаласында  берген тапсырмасы және «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасының аясындат Институтта шыққан ғылыми еңбектер: «Қазақ мемлекеттілігі және Алаш» (А., 2018)  ұжымдық монографиясы мен «Алаш в истории государственности Казахстана: идеи, судьбы, наследие» (А, 2018) архивтік құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесерін өткізеді.

Іс-шараға қатысуға ғалымдар, қоғам қайраткерлері, студенттер, магистранттар, докторанттар, БАҚ өкілдері және отандық тарихқа қызығушылық білдірушілерді шақырамыз.

Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко көш., 28, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, «Ғылым ордасы» РМК, 3 қабат, кіші конференц-зал.

Байланыс телефондары:+7(727) 261-67-19; факс: +7(727) 261-67-19

E-mail: kazhistory@bk.ru