Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Ұлы даланың біртуар тұлғалары» атты Республикалық дөңгелек үстелдің БАСПАСӨЗ БАЯНЫ


2019 жылғы 13 маусымда Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Мемлекет тарихы институты «Ұлы даланың біртуар тұлғалары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізеді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында ерекше мән тарихи сананың қалыптасуына, қазақ халқының мемлекеттігі мен ұлттық санасының нығаюына ерекше мән беріледі. Осы ұстаным әлденеше рет, дәйекті түрде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтің сөйлеген сөздерінен және бағдарламалық құжаттарынан көрініс тапқан. Дәлірек айтқанда, 1999 жылы «Тарих толқынында» деген кітапта Елбасы ұлттық тарихты, Еуразия құрлығында қазақтың және де басқа далалық халықтардың орны мен рөлін тану міндетін қойған болатын.

Ұлы далының ұлы есімдері мәселесіне Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» (2018 жылғы 21 қараша) деген бағдарламалық мақаласында да тоқталды. Мақалада өткен дәуірлердегі дүниежүзіне белгілі тұлғалар (Ескендір Зұлқарнайын, Конфуций, Шекспир, Гете және т.б.) бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр делінген. Елбасы «Ұлы дала тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді» деп, Қазақ хандығы, түркі қағандықтары, мұсылман Шығысының мемлекеттерінің (әз-Тәуке мен Абылай, Күлтегін мен Бейбарыс, және т.б.) атақты қайраткерлерін ерекше атап көрсетеді.

Дөңгелек үстел аясында келесі мәселелер талқыланады:

Ø Қазақ халқының саяси көшбасшылары;

Ø Саяси сілкіністер жағдайлардағы біртуар тұлғалар;

Ø КСРО-дағы қазақтың ғылым және өнер саласындағы аса көрнекті қайраткерлері;

Ø Кеңес Одағына дейінгі қазақтың әдебиет тұлғалары.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға кәсіби тарихшылар, көрнекті қоғам қайраткерлері, мемлекеттік мекемелер өкілдері мен жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамы, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысуға шақырылады.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ-сы, Мәңгілік ел к-сі, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 11 қабат.

Дөңгелек үстел жұмысының басталуы – сағ. 11:00, қатысушыларды тіркеу – сағ. 10:30

Байланыс телефоны: +7 (7172) 74-01-68; факс: +7 (7172) 74-10-37

E-mail: tarih_institut@mail.ru

Ұйымдастыру комитеті