Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ресей Ғылым академиясының Санкт-Петербург Тарих институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды


2019 жылдың 20 маусымында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ресей Ғылым академиясының Санкт-Петербург Тарих институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Институттың ғылыми хатшысы Қозыбаева Махаббат пен аға ғылыми қызметкер Арепова Анар Ресей Ғылым академиясының Санкт-Петербург Тарих институтының директоры Ресей ҒА мүше-корреспонденті Алексей Сиренов пен директордың ғылым жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Игорь Лукояновпен кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Соның ішінде Ұлы дала тарихы шеңберінде біріккен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми мамандар дайындау және ғылыми диссертацияларға бірге жетекшілік ету, магистранттар мен докторанттарды ғылыми-зерттеу тағылымдамаларынан өткізуді ұйымдастыру туралы екі жақты келісімдерге қол жеткізілді.