Ресей Ғылым академиясының І Петр атындағы антропология және этнография музейімен (Кунксткамера) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2019 жылдың 27 маусымында Санкт-Петербург қаласында (Ресей) Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ресей Ғылым академиясының І Петр атындағы антропология және этнография музейімен (Кунксткамера) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Институттың ғылыми хатшысы, PhD доктор Қозыбаева Махаббат пен Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері Арепова Анар Ресей ҒА АЭМ-нің басшылығының өкілдері тарих ғылымдарының докторы, Ресей ҒА мүше-корреспонденті, профессор Головнев Андрей Владимирович, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Давыдов Владимир Николаевич және Орталық Азия этнографиясы бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Резван Марьям Ефимовналармен кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Қазақ этнографиясын бірігіп зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы, соның ішінде этнографиялық экспедиция материалдарынан біріккен көрме ұйымдастыру, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру, зерттеу нәтижелерін музей мен институттың мерзімді басылымдарында жариялап отыру, ғылыми еңбектермен алмасып отыру, ғылыми мамандар даярлау, т.б. туралы келісімдерге қол жеткізілді.