Астрахань қаласына іссапар

«Шетел мұрағаттары мен қорларынан Ұлы даланың тарихы мен мәдениетіне байланысты (анықтау, талдау және сандық нысанға көшіру) «Архив – 2025» атты бағдарламалық-нысаналық қаржыландырылатын жоба бойынша 2019 жылдың 24 маусымы мен 12 шілде аралығында Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының Тарихи демография жəне Қазақстан халқы ассамблеясы бɵлiмінің меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер, т.ғ.д. Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы мен Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің ғылыми қызметкері Байжұманова Зәмзагүл Бекежанқызынан тұратын топ Ресейдің Астрахань қаласында жұмыс жасауда. Олар Астрахань облыстық мемлекеттік архивінде, Н.К. Крупская атындағы Астрахань облыстық ғылыми кітапханасында және Астрахань облыстық музей-қорығында Мемлекеттік тапсырма аясында материалдар жинақтау жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс барысында интернет жүйесіндегі сандық нысанға көшпеген мәліметтер анықталуда.