Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ресей Федерациясының Москва қаласындағы архивтерінде


Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы» бөлімінің меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ.Шілдебай мен шарт бойынша жобаға алынған тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы М.Ш.Калиева 2019 жылдың 23 маусымынан бері Москва қаласындағы РГАСПИ, ГАРФ, РГВА және РГАНИ қорларымен жұмыс істеуде.

2019 жылдың 23 маусымы мен 6 шілдесі аралығында жоғарыда аталған архив қорларынан ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихына қатысты және Қазақстан Республикасының архивтерінде жоқ материалдар жиналу үстінде. Атап айтсақ, осы уақытқа дейін жинақталған құжаттардың мазмұны төмендегідей:

– ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанға қатысты РК(б)П/БК(б)П Саяси бюросының шешімдері мен шешім шығаруға қатысты материалдар (хаттар, телеграммалар, әртүрлі комиссиялардың материалдары, баяндамалар және т.б.);

– РКФСР БОАК мен ХКК қорларындағы Қазақ АКСР-нің территориясын қалыптастыруға қатысты құжаттар, қазақ қайраткерлерінің жеке істері;

– Қытайдың Шыңжан аймағына қатысты КСРО саясаты мен ШТР тарихына, Оспан батырдың көтерілісіне қатысты құжаттар;

– Т.Рысқұловтың Моңғолиядағы қызметіне қатысты құжаттары, есептері мен хаттары, телеграммалары, Коминтерн қорындағы жеке ісі;

– М.Шоқай, З.У.Тоған, А.Ысқақи және т.б. түрік эмиграциясының шетелдегі қызметіне қатысты, олардың поляк барлау қызметімен өзара ынтымақтастығы, Прометей ұйымы мен поляк барлау қызметінің түрік эмиграциясын қаржыландыруын көрсететін материалдар анықталып, көшірілді.

Жұмыс тобы 2019 жылдың 17 шілдесіне дейін аталған архивтерде өз жұмысын жалғастыратын болады.