Дүние жүзі тарихы бөлімі

1. Бөлім тарихы

Дүние жүзі тарихы бөлімі ‒ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2019 жылы құрылған жаңа құрылымдық бөлімшесі. Бөлімді құру Тарих және этнология институтының ғылыми-зерттеу жұмысының көкжиегін кеңейту қажеттілігінен туындады. Кеңес кезеңінде шет елдердің тарихын зерттеу Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институттарының міндеттері шеңберіне кірді, одақтас республикалар тарих институттары тек қана ұлттық тарихпен айналысты. Бүгінде егемен Қазақстанның халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне кірігуіне байланысты шет елдердің тарихы бойынша зерттеулер жүргізу өзекті болып отыр. Сонымен қатар, әлемдік тарихи процесс аясында Қазақстан тарихын қарастыру қажеттілігі дүниежүзі тарихын тарихын зерделеуді талап етеді. Тарихи ғылым бүгінде түркі өркениетінің сипаттамасын ескере отырып, әлемдік тарих контекстінде қазақ халқының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани даму үрдістерінің жалпы әлемдік үрдістері мен аймақтық ерекшеліктері туралы білім береді.

Бөлімде бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.К. Көкебаева, бас ғылыми қызметкер, профессор А.К. Избаирова, кіші ғылыми қызметкерлер А. Акпар, А.С. Тылахметова, Ф.Р. Лебаев, докторант Р. Закарья жұмыс істейді.

image001

2. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары.

Бөлімнің ғылыми-зерттеу жұмысы үш бағытта жүргізіледі: бірінші бағыт шет елдердің тарихын қамтиды; екінші бағыт әлемдік тарихи процесс контекстіндегі Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу проблемасымен байланысты; үшінші бағыт – жалпы дүниежүзілік тарихтың және атап айтқанда Қазақстан тарихының теориялық-әдіснамалық мәселелерін зерттеу. Болашақта бөлімнің ғылыми-зерттеу жұмысы келесі мәселелерді зерттеуге бағытталады:

- жекелеген еуропалық елдердің тарихын зерттеу (елдің таңдауы ғылыми әлеуеттің жағдайына байланысты анықталады);

- дүниежүзілік соғыстар тарихын, халықаралық қатынастар тарихын, әскери тұтқындардың мәселелерін зерттеу;

- тарихты “көлбеу (горизонталь)» бойынша зерттеу, яғни сол кезеңдерде өткен халықтар мен елдердің тарихын салыстыра талдау;

- Қазақстанның жаңа және қазіргі тарихының ірі оқиғалары мен құбылыстарын Ресей империясы мен КСРО дамуының контекстінде зерттеу.

3. «Түркістан хабаршысы» ғылыми журналы

Бөлім қызметкерлері қазақстандық тарихи онлайн-журнал «Түркістан хабаршысы» журналын ұйымдастыруды жүзеге асырды, ол тарих ғылымын ұйымдастыру және оның нәтижелерін кең ғылыми қоғамдастыққа ұсыну құралдарының бірі болып табылады. Журналдың мақсаты – XVIII-XX ғғ. Орта Азия тарихы бойынша бұрын жарияланбаған, түпнұсқа мақалалар мен шолуларды жариялау. Біз шоғырланатын тақырыптар – Орталық Азия тарихы, қақтығыстар мен көші-қон процесі гуманитарлық ғылымның түрлі салалары үшін әрқашан орталық болды, демек, журнал тарих, этнология, саясаттану, дінтану және халықаралық қатынастар бойынша материалдарды жариялайды.

Біз қарастыратын негізгі тақырыптар:

- XVIII-XX ғғ Орталық Азия тарихы.;

-қақтығыстар, әлемдік және жергілікті соғыстар;

-көші-қон, депортация, репатриация;

-репрессия, лагерьлер мен арнайы қоныстар желісі.

Журнал академиялық ғылыми мақалаларды, сондай-ақ практикалық қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзекті шолулар мен ойларды қолдайды. Егер барлық әдіснамалық бағыттар мен мектептер күрделі зерттеулерге негізделсе және тарих ғылымының негізгі принциптеріне сәйкес өңделсе, онда журналға өз жұмыстарын бере алады.

4. Бөлім қызметкерлерінің зерттеу жобаларын іске асыруға қатысуы:

- «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» бағдарламалық-мақсатты қаржыландырумен зерттеу жобасы.

– «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасы» мемлекеттік тапсырыс бойынша зерттеу жобасы

– «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» мемлекеттік тапсырыс бойынша зерттеу жобасы

5. Монографиялар:

Кокебаева Г.К. Германия­–Россия–СССР: политика, война и плен. Монография. – Алматы: Қазақ университеті,, 2009. – 345 с.

Кокебаева Г.К. и др. Гуманитарные проблемы сов­ре­менности: человек и общес­тво. Монография / Коллектив авторов. – Новосибирск, 2011.– 295 с.

Кокебаева Г.К., Сманова А.М. Польша – Қазақстан: тоғысқан тағдырлар. Монография. – Алматы, 2012. – 208 б.

Кокебаева Г.К. и др. Россия в мире: опыт прошлого – взгляд в будущее. Моно­графия  / Коллектив авторов. – Новосибирск, 2012.– 227 с.

Thomsen M., Kokebayeva G. und s.b. Religionsgechischichtliche Studien zum östlichen Europa. ‒ Stuttgart: Franz Steiner Verlag, 2017. ­‒ 364 S.

6. Scopus және WOS базасында индекстелетін журналдардағы жариялымдар.

Бөлім қызметкерлерінің 12 мақаласы Scopus базасында, 9 мақала WOS базасында индекстеледі.