Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

     «Қазақстан тарихшыларының қауымдастығың мүдделері бүкіл Орталық Азия аймағын қамтыған ғалымдардың бірлестігі болып табылады. Мемлекеттік емес ұйым ретіндегі «Қазақстанның тарихшыларының қауымдастығың қоғамдық бірлестігі туралы бастаманы ҚР БЃМ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 2002 жылы көтерген еді. Бұл бастама Қазақстан тарихшылары арасында кең қолдауға ие болды.

«Қазақстан тарихшыларының қауымдастығың өз қатарларына маманданған тарихшыларды, жоғарғы оқу орындары оқытушыларын ғана тартып қоймайды, сонымен қатар Отанымыздың өткені жайындағы дүниетанымға ерекше ден қоятын барлық азаматтарды біріктіреді.

Ұйымның қызметі, мүшелік жарналар, Халықаралық және республикалық ұйымдардың жарналары және ерікті түрде қолдау көрсеткендердің салымдары арқылы іске асырылады.
«Қазақстан тарихшыларының қауымдастығың біздің қоғамдағы демократияның қалыптасуындағы тарихтың орны зор екендігін таниды. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындағы тарихи білім демократиялық реформалардың жүзеге асуын шешуге және әрбір қазақстандықтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға тиіс.

Тарихи білім жайындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тарапынан айтылған сын, университеттер мен орта білім беру мекемелеріндегі тарих пәнін берудің жаңа саясатын жасаудың қажеттігін көрсетті. Бұған деген қажеттілік өздерінің көздеген мақсатына жетудің ыңғайлы құралы ретінде тарихты пайдаланғысы келген ғылымды төңіректегендердің баспасөз беттеріндегі айтыс-тартыстарының толастамауынан туындайды. Бір өкініштісі маманданған тарихшылардың бұл айтыс-тартыстарға сыртқы көрермен ретінде қалуы.

Қазақстанның маманданған тарихшыларының бірлестігінің қызметі тарих ғылымы төңірегінде қалыптасқан жағдайды жақсартуға және қазақ қоғамының тарихы білімдегі біздің өткенімізге деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Ең алдымен тарихты қазақстандықтардың азаматтылық, демократия және патриотизм түсініктерін қалыптастыру механизмі ретінде пайдаланып, қоғамдағы тарих ғылымының мәртебесін көтеру.

«Қазақстан тарихшыларының қауымдастығың мүшелері жаңа ұлттық тарих, кез-келген ғылым секілді ең алдымен қоғамға қызмет етуге тиіс деп санайды. Дүниетанымдық қызметін атқара отырып, тарих өз мемлекетінің азаматы болудың жолын үйретуі қажет. Заманымыздың тарихилығы – бұл патриотизмге арқа сүйеген және өткені мен болашағының ынтымағындағы азаматтық теңдік.

«Қазақстан тарихшыларының қауымдастығың барлық тарихшыларды ұсынылған ғылыми пікір таластарға: өз тарапынан авторитарлық болып табылатын ғылыми концепциялар (тұжырымдар) толассыз және қасиетті саналмауға тиіс дегендерді талдауға қатысуға шақырады. Тарихи зерттеу өткеннің бет-бейнесін түсіндірудің көптеген нұсқаларының тек бірі ғана болып табылады. Тарихи зерттеулер қазіргі әлемде, өткеннің қатыстылығы барлығын сезінуді көрсетуге тиіс, тарихшы тарихи зерттеулерін фактілерді тізбелеуге бұрудан аулақ болғаны дұрыс. «Қазақстан тарихшыларының қауымдастығың посттоталитарлық тарих ғылымда қалыптасқан жалған түсініктен арылудың жолы ғылыми пікір талас екендігін мойындайды.

Қазақстанда демократиялық қоғамның қалыптасуына белсенді араласуды азаматтық борышы санағандарға және идеологиялық, саяси догмалардан таза бұқаралық тарихи сананың қалыптасуының бір тетігі деп есептегендерге біз өз күш-жігерлерімізді – мемлекеттік емес ұйым – «Қазақстан тарихшыларының қауымдастығың арқылы біріктіруге шақырамыз.