Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Құдайбергенұлы Болат, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары. 

1975 жылы 12 қазанда Павлодар қаласында туған. 1993-1997 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде тарих пәнінің оқытушысы мамандығы мамандығы бойынша оқыған. 1997-2000 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Ғылыми дәрежесі – тарих ғылымдарының кандидаты (2001), мамандық: 07.00.02 «Отан тарихы» (Қазақстан Республикасының тарихы). 

Жұмыс тәжірибесі:

2001-2004 жж. – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Археология, этнология және тарих» кафедрасының аға оқытушысы, доцент, Павлодар қ.;

2004-2008 жж. – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Жаңа және қазіргі заман тарихы» кафедрасының меңгерушісі, «Тарихи демография” ғылыми-тәжірибе орталығының директоры;

2009-2010 жж. – Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық инститының «Тарих және өнер» факультетінің деканы, Арқалық қ.;

2010-2011жж. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық инститының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Арқалық қ.;

2011-2013 жж. – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институының «Қазақстан және шетелдер тарихы», «Экономика, құқық және философия» кафедрасының доценті, Павлодар қ.;

2013-2019 жж. «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ-дың МКДППҚ кафедрасының меңгерушісі, Павлодар қ.;

2019 ж. қазан-қараша ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер» бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ.;

2019 жылдың қарашасынан бастап ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары м.а., Алматы қ.

Ғылыми еңбектері:   

Алпыстан астам ғылыми жарияланымдар, оның ішінде 6 оқу құралы

История Павлодарского Прииртышья. Учебное пособие. Павлодар 2003. с.170 .

Топонимика Павлодарской области: Иртышский район. Книга 1. Павлодар 2003. 123б.

Топонимика Павлодарской области: Успенский район. Книга 2. Павлодар 2003 75 б. Павлодар 2003 75 б.

Өлкетану. Тарих мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. П., 2014, 37 б.