Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

bayzhumanovaБайжұманова Замзагуль Бекежанқызы – ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.

1975 жылы 4 наурызда Талдықорған облысы (қазіргі – Алматы облысында), Пафилов ауданы, Қоңырөлең ауылында  дүниеге келген. 1992 жылы Қоңырөлең орта мектебін аяқтады. 1992-1997 жылдар арлығында  Абай атындағы ҚазМПУ халықаралық қатынастар факультеті «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алған.

2003 жылдан 2005 жылға дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің халықаралық қатынастар факультеті, теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасының аға лаборанты болып қызмет атқарды.

2005-2013 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тарих факультеті, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушы қызметін атқарды.

2013 жылдың қазан айынан бастап Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтыны тарихнама, деректану және заманауи метолодология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.