murzahodjaevМУРЗАХОДЖАЕВ ҚУАНЫШ МӘДИҰЛЫ – тарихшы, қоғамдық ғылымдар магистры. 1989 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тарих факультеті бакалавриатын (2011 ж.) жәнемагистратурасын (2013 ж.) тамамдаған. Алматы Құрылыс-Техникалық колледжінде оқытушы (2012-2013 ж.), 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Халықтану және тарихи тұлғатану мәселесі бөлімінде кіші ғылыми қызметкер.