Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қозыбаева Махаббат Мәлікқызы

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалым хатшысы, PhD доктор

kozibaeva_result

Ғылыми қызығушылығы: сталинизм дәуіріндегі саяси репрессиялар мен депортациялар, еуразиялық интеграция, Қазақстандағы этникалық процестер.

Білімі – жоғары кәсіби.

Ғылыми дәрежесі: PhD докторы

2003-2007 жж. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім алған.

2007-2009 жж. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында  «Тарих» мамандығы бойынша магистратура тәмамдаған.

2011-2015 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Тарих» мамандығы бойынша докторантурада оқып, сталинизмнің күнделікті мәселелеріне арналған «1920-1930 жылдардағы Солтүстік Қазақстандағы қала тұрғындарының күнделікті өмірі» тақырыбында өзінің PhD докторлық диссертациясын қорғап шықты.

Зерттеу тақырыбы бойынша Халықаралық әлеуметтік тарих институтында (орталық азия және Таяу Шығыс бюросы) және Лейден университетінде, Нидерланды, іс-тәжірибеден өтті, шетелдік кеңесшісі: кеңес дәуірінің әлеуметтік тарихы бойынша ірі маман, PhD, профессор Тураж Атабаки. Сонымен қатар, Ресей, Болгария, Түркияның алдыңғы қатарлы университеттерінде іс-тәжірибеден өтті.

Ғылыми-педагогикалық  еңбек өтілі – 10 жыл.

2007-2011 жж. ҚМПИ Тарих және өнер факультетінің  дүниежүзі тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасының, кейінірек Қазақстан тарихы кафедрасының мұғалімі, декан орынбасары қызметін атқарған. 2011 ж. біліктілігін арттыру мақсатында Инновациялық технологиялар және әлеуметтік экспертиза орталығының «Заманауи білім алудағы инновациялық технологиялар» бағдарламасы бойынша оқудан өтті, Мәскеу қ., РФ.

2011-2014 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің тарих факультетінде аға оқытушы ретінде қызмет атқарған.

2014-2016 жж. – меңгеруші орынбасары, Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы,  Қазақстан халық ассамблеясы кафедраларының Республикалық Ассоциациясының меңгерушісі.

2016-2017 жж. – Қостанай мемлекеттік институтының Қазақстан халықтар Ассамблеясы кафедрасының доценті, ҚМПИ бақылау кеңесінің хатшысы.

70-тен астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың (соның ішінде Scopus және Thompson Reuters базасында 3 мақала), 4 оқу құралының авторы, 2 монографияның соавторы. Оның жетекшілігімен «Этникалық толеранттылықтың әдістемелік негіздерінің» анықтамалық-әдістемелік басылымы, «этноаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі» оқу-әдістемелік құралы дайындалды, «этносаясат негіздері және казақстандық сәйкестік» оқу құралының соавторы болып келеді.

Қозыбаева М.М. Қазақстанның жас тарихшылары Республикалық ассоциациясының құрылуының инициаторларының бірі, Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресінің мүшесі болып табылады.