Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

alimgazyӘлімғазы Дәулетханұлы 1943 жылдың 15 қыркүйегінде ҚХР ШҰАР- ның Іле Қазақ автоном облысына қарасты Күнес ауданының Түрген ауылында мұғалім отбасында дүниеге келді.
1952-1962 жж. аудан орталығы Бестөбедегі 10 жылдық мектепті бітірген.

1961-1966 жж. Үрімжі қаласындағы Шыңжаң уннверситетінің Қытай тілі-әдебиеті факультетінің студенті.

1966-1968 жж. Қытайда жүрген «Мәдениет төңкерісі» барысында саяси қудалауға ұшырады. Соңынан «Көтерілісші екінші штаб» деген бұқаралық ұйым жұмысына белсене араласып, оның басшыларының бірі болды.

1989-1992 жж. Қазақ телерадио комитетіне қарасты «Алатау» каналында тележурналист.

1992 ж. Түркия елінде үш айлық тіл курсында оқыды.

1993-1994 жж. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында» бас маман.

1994-1997 жж. Халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінде аудармашы әрі журналист.

1997 ж. қаңтарынан бүгінге дейін Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан және іргелес елдер тарихы бөлімінде» кіші ғылыми қызметкер, одан аға ғылыми қызметкер, бүгінгі күні жетекші ғылыми қызметкер болып істеп келеді.

2002 ж. 6 қаңтарда «Түркеш қағанаты» (саяси және мәдени тарихын зерттеу 692-766 жылдар) тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

2004-2007 жж. Уақытша келісім шартпен А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Түркология ғылыми-зерттеу орталығында жұмыс істеді.

2005  ж. «Бауыржантану ғылыми зерттеу орталығына» (Тараз қаласы) шақырылып Б. Момышүлының 30 томдық еңбегін дайындау тобында қызмет етті.

2006  ж. «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы» атты ұжымдық кітапқа автор ретінде қатысады.

Ерте ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша маман, қытай жылнамалары және қазіргі тарихнама негізінде Батыс Түрік және Түркеш қағанатының тарихын жан-жақты талдап зерттеді

 

Негізгі ғылыми еңбектері:

1.      Түркеш қағанаты. Монография (саяси және мәдени-тарихи зерттеу. 692-766 ж). Бірінші кітап. Алматы. Қаз ақпарат. 2005 ж. 185 б.

2.      Хұн – түрік – қазақ тарихын зерттеу мәселелері. «Ерте орта ғасыр – орта ғасыр) Екінші кітап. 2005 ж. 150 б.

3.      Деректану. (Қазақ тарихы мен мәдениет парсы, қытай моңғол, түрік, мажар тілдеріндегі кейбір деректері бойынша). Қазақтың мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты. Алматы. 2002.

4.      Ежелгі және орта ғасырдағы түркілер: тарихи зерттеулер. Алматы. ЖК С.Т. Жанәділов баспаханасында басылған. Алматы. 2011. 302 б.