satenovaСатенова Марал Ратаевна

1968 ж. 10 ақпанында Жамбыл облысы Шу ауданы Новотроицк ауылында (қазіргі Төле би) дүниеге келген.

1975-1981 жж. Шу ауданында Дружба совхозындағы (қазіргі Мойынқұм ауылы) орыс орта мектебінде білім алды. 1982-1883 жж. оқуын Алматы қ. № 100 орта мектепте жалғастырды. 10 сыныпты Дружба совхозы мектебінде тәмамдады.

1985-1989 жж. Алматы қ. Ф. Дзержинский ат. тоқыма фабрикасында жұмыс жасады.

1989-1994 жж. Абай ат. Қазақ педагогикалық (қазіргі ҚазҰПУ) институты Тарих факультетінде білім алды.

1994-1996 жж. Алматы облысың орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

1998-2000 жж. Алматы тіл және аударма институтында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында оқытушы болды.

2002 ж. Ш.Ш. Уәлиханов ат. тарихнама және деректану бөлімінде кіші ғылыми қызметкер, 2007 ж. жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөліміне ауыстырылды. 2012 ж. бастап аталмыш бөлімнің ғылыми қызметкері ретінде жұмыс жасап келеді.

Ғылыми-зерттеу қызметі аясы мынадай мәселелер негізінде:

- Ұлы жүз қазақтарының Ресей империясы құрамына енуі;

- Г.А. Колпаковскийдің әскери және әкімшілік қызметі;

- XIX ғасырдың Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар;

- Далалық және Жетісу аймақтарда әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-саяси құрылыстар;

- Тарихи зерттеулердің методологиялық және теориялық қырлары.