ӨМІРБАЯН

Рахымқұлов Дәуітхан Айтжанұлы 1981 жылы 27 қыркүйекте Алматы облысы, Қаскелен қаласында дүниеге келді. Тарих ғылымдарының кандидаты.

2003 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді.

2003 – 2006 жж. Алматы қаласы, Әуезов ауданы №13 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істеді.

2004-2008 жж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы» бөлімінің ізденушісі болды.

2007 – 2009 жж. С.Ж. Асфендияров  атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Қазақстан тарихы, мәдениеттану» кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

2009 жылдың қазан айынан ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағатында «Мұрағат құжаттарын жариялау және пайдалану» бөлімінің екінші дәрежелі  жоғары деңгейдегі мұрағатшысы болып жұмыс істеді.

25 наурыз 2010 жылы  «Қазақстандағы старшындар институты тарихы» (ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары) (07.00.02. – мамандығы бойынша – Отан тарихы) (Қазақстан Республикасы тарихы) атты тақырыпта қандидаттық диссертация қорғады.

2010 жылы 25 маусымда Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді.

2011 жылдан бастап «Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Жас ғалымдар кеңесінің» төрағасы.

Рахымқұлов Д.А. 23 ғылыми мақаланы, сондай-ақ екі ғылыми жинақты жариялады. Айналысып жүрген ғылыми жұмысының негізгі тақырыбы: «Қазақстандағы старшындар институты тарихы» (ХІХ ғ. 20-60 жж.); «ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы Жетісу өлкесіндегі Ұлы жүз қазақтарының патша өкіметінің жаулап алуына қарсы күресі»; «Жетісу өлкесіндегі болыстар-билер институты» (ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысы мен ХХ ғасырдың басы).