ЖЕТПІСБАЙ НҰРЖАН ЫҚСАНҰЛЫ

zhetpisbay1976 ж. 12 қыркүйекте Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.

1983-1993 жж. аралығында Жарық орта мектебінде оқыған. 1996-2000 жж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститетінің тарих факультетінде археология мамандығы бойынша бакалавр курсында, 2000-2002 жж. аталған факультеттің магистратурасында оқып, үздік дипломмен бітірген.

2002-2009 жж. аралығында ҚР БҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында жетекші иженер және кіші ғылыми қызметкер болып қызмет еткен. 1997-2008 жж. аралығында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары аумақтарында әртүрлі археологиялық экспедициялар құрамында қазба жұмыстарына қатысқан. Әртүрлі студенттік және халықаралық конференцияларға қатысушы.

2009 ж. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтынан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына өз еркімен ауысқан. Бүгінде жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінде ғылыми қызметкер міндетін атқарады.

Жетпісбай Н.Ы. басым түрде Қазақстанның жаңа заман тарихы мәселелерін зерттеумен айналысады. Негізгі зерттеу нысандары – өңірлер тарихы, XVIII-XIX ғғ. Батыс Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихы, осы өңірлерде болған азаттық күрестер. Тарих және археология тақырыптары бойынша 40-тан аса ғылыми мақалалары мен жарияланымдары, азаттық күрестер тақырыбына арналған бір кітабы жарық көрген.