Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

1) «Мәдени Мұра» бағдарламасы бойынша бүкіл Казақстан бойынша қазақ даласында сақталынған ескерткіштер жинағы құрастырылса (свод памятников). Бұл жұмысты атқаруға арнайы жұмысшы тобы ұйымдастырылып, бұл жұмысқа Археология институты, Тарих және этнология институты, Казреставрация и т.б. келісім-шарт негізінде Археология институты, Тарих және этнология институты, Казреставрация и т.б.) қатыстырылса;
2) Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлімдері «Қазақ топонимикасы» атты үлкен бағдарлама даярлау тапсырылыстар берілсе, мұнда жер, су атауларының шығу тарихы мұрағаттық, далалық материалдар бойынша дәлелденсе;
3) 2008-2011жылдарда қазақ тарихының Батыс Европа, Орыс, Шығыс елдеріндегі мұрағаттарда сақталған дерк көздері жарияланса, басқа мемлекеттегі құжаттарды елге оралту мәселелерін күн тәртібіне қою;
4) 2004 жылдан бері «Мәдени Мұра» бағдарламасы бойынша жинақталған материалдарды сараптамадан өткізіп, орта мектеп, жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына енгізу мәселелері қолға алынса;
5) «Қазақ диаспорасы» атты арнайы бағдарлама бойынша (ең алдымен Моңғолия, Қытай, Өзбек елі қазақтары) тарихи-демографиялық және әлеуметтік процестері, этнографиялық зерттеу жобалары қолға алынса;
6) Көші-қонға байланысты туындайтын мәселелерге байланысты көшіп келушілерге арнайы этнопсихологиялық, адаптациялық көмектер қажеттілігінің тууына орай, оны шешудің механизмін ойластыру;
7) «Хайдар Дулати» мәселесіне байланысты үлкен жоба әзірлеу.