Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

1958-2007 жылдар арасында аталмыш Институтта алғаш рет тұрақты және кешенді антропологиялық зерттеу жұмыстары Қазақстанның қола дәуірінің (б.з.д. ХХ ғ.) тұрғындарынан бастап бүгінгі қазақтарға дейін жүргізілді. Соның арасында аян болғаны қазақтардың физикалық құрылымында Еуразия масштабындағы еуропеоид пен моңғолоид раса топтарының ерекшеліктері араласып қалыптасқан және сонымен қатар қазақтар өздеріне ғана тән морфофизиологиялық анықтамалары барлығын айғақтайды.
Қазақ популяциясының антропологиялық типіндегі аталмыш екі раса элементтерінің шартты үлесінің 70% көлемін моңғолоид, ал қалған 30% еуропеоид құрайды. Соңғы үлестің морфологиялық ерекшелігі тек Қазақстанның қола дәуіріндегі (б.з.д. ХХ-ІХ ғғ.) тұрғындарының генетикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты, яғни көне еуропеоидтық болып саналады және бұл антропологиялық анықтама Қазақстанның барлық тарихи-мәдени дәуірлерінің тұрғындарына морфофизиологиялық негіз болып қала берген. Көне Қазақстан жеріне моңғолоид элементтің алғаш рет кірмелік жасап араласқан кезеңі алғашқы темір дәуірінен (б.з.д. VІІІ-ІV ғғ.) бастау алған.
Бұл антропология араласу процесі тек Қазақстанның жерінде ғана болған және ол мыңдаған жылдарға созылған, яғни б.з.д. V ғасырдан бастап ХV ғасырға дейін орын алған. Сөйтіп қазақтарға тән морфофизиологиялық құрылым қалыптасқаннан кейін ғана оған тосқауыл болған. Сондықтан бүгінгі қазақтар еліміз бен жерімізде ең бірден-бір көне халық болып саналады және оның этноантропологиялық түп тамырының тереңдігі 40 ғасырға бойлайды.