Сужиков Бахыт Мұхамбетқалиұлы (1951 – 2018)

Сужиков Бахыт Мұхамбетқалиұлы – тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері. Жаңа және қазіргі замандағы Орта Азия тарихы бойынша батыс мектептері, сонымен қатар ХХ-ХХІ-ші жүзжылдықтағы әлеуметтік-саяси және ұлтаралық мәселелер бойынша зерттеуші жетекші мамандардың бірі.

1951 ж. Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1976 ж. С.М. Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы) Қазақ мемлекеттік университетінің арнайы бөлімін тәмамдады. Осы жылы ҚазКСР ҒА тарих және этнология Институтына қызметке алынды. Ғалым өз еңбек жолында аға лаборант қызметінен бөлім бастығы қызметіне дейін қол жеткізді. 1987 жылы   «Советологические концепции национализма и русификации в контексте социально-политической модернизации Казахстана» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын ұтымды қорғап шықты. 2002 ж. доцент атағы берілді.

Ол ұзақ еңбек жолын бастан өткізді. 1976 ж. шілде айынан 1977 жылдың маусымына дейін – ҚазКСР ҒА тарих, археология және этнография Институты Ұлы Отан соғысы тарихы бөлімінің аға лаборанты,1977 ж. маусымынан 1985 ж. сәуіріне дейінгі уақытта – ҚазКСР ҒА ОНИОН кіші ғылыми қызметкері, 1985 ж. сәуір айынан 1989 ж. наурыз айына дейін – ҚазКСР ҒА Президиумы жанындағы қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпарат Бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 2003-2004 жж. – Сорос-Қазақстан қорының «Шығыс-Батыс» бағдарламасын жүзеге асыруда сараптау Кеңесінің мүшесі. 2004 ж. – «Қазақстан тарихы ХІІ-ХХ ғғ. батыс деректерінде» секциясының жетекшісі. 1989-2012 жж. аралығында ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты тарихнама, деректану бөлімінің меңгерушісі.

Оның жетекшілігімен 60-тан аса ғылыми мақалалар, тарихнамалық және тарихи-саяси жанрдағы оқулықтар мен оқу құралдары даярланды. Көптеген жылдар бойы ғылыми-гуманитарлық саланы аналитикалық-ақпараттық қамтамасыз ету және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мәселелеріне қатысты жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын атқарып келеді.

 

Негізгі ғылыми еңбектері:

Проблемы социальной политики и социального развития в условиях перехода к рыночной экономике. – Алматы: НИИ экономики и рыночных отношений при Мин. экономики РК, 1993;

Этническая тождественность в зарубежной казахстанике и среднеазиеведении.  В кн.: Казахстан в начале ХХ-го века: методология, историография, источниковеденис. Сб. статей. Вып. 2.  - Алматы: «АСКА-Р», 1994. – С. 90-101;

Евразийство в поисках Джемшидовой чаши // Евразия Москва, 2001. – № 1-2;

Евразийская интстрация // Российская Федерация (международная газета). – М., 2001, № 9 (175);

Мобилизационная функция исторического знания: памяти академика Манаша Козыбаева  // Отан гарихы. Специальный выпуск. – 2002;

Сталинский конституциализм и национальные отношения // Отан тарихы, 2002. № 2;

Электронный учебник  «История Казахстана. 10 класс. 1916-1945 гг.» на каз. и русск. яз. – Астана, 2003;

О некоторых категориальных понятиях, используемых в современном историческом знании // Отан тарихы. – 2003. – № 1.