Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімі

Тарихы. Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты құрылымындағы бөлімшелерінің бірі болып табылады.

1994 ж. 5 желтоқсанындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының №21 бұйрығы бойынша Институт құрылымында бірқатар өзгерістер жүрді. Соның ішінде Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі бөлімі мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық проблемалары тарихы бөлімі деп аталатын екі бөлімдегі өзгерістердің нәтижесінде: Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы; Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемалары; Тарихи демография деп аталатын үш бөлім құрылады.

 

1994-1995 жж. Қазақстанның тарихи демографиясы бөлімі меңгерушісі қызметін ҚР ҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор М.Х. Асылбеков атқарды. Бөлімде қызмет істегендер: тарих ғылымдарының кандидаттары Ю.И. Романов, А.Ш. Алтаев, Н.Г. Пан, Т.С. Құлтаев, Л.Т. Балақаева, ғылыми қызметкерлер С.Т. Қазиев, К.Т. Тоғыбаев.

Сондай-ақ, 1995 ж. Тарих және этнология институтында бірқатар құрылымдық өзгерістер жүреді. Соның бірі Жаңа заман тарихы мен тарихи демография бөлімдері біріктіріліп, Қазақстанның жаңа заман тарихы және тарихи демография бөлімі құрылуы болды.

1995-2001  жж. аралығында Қазақстанның жаңа заман тарихы  және тарихи демография бөлімінің меңгерушісі қызметін ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор М.Х. Асылбеков атқарды. Бұл жылдары бөлімде тарих ғылымдарының докторы А.Ш. Алтаев, тарих ғылымдарының кандидаттары Т.С. Құлтаев, Л.Т. Балақаева, ғылыми қызметкерлер С.Т. Қазиев, К.Т. Тоғыбаев және А.И. Құдайбергенова зерттеу жұмыстарымен айналысты.

Қазақстанның жаңа заман тарихы мен тарихи демография бөлімінің екіге бөлінуі негізінде 2007 жылдың 10 маусымында «Тарихи демография және әлеуметтік процестер» бөлімі ашылады. Жаңадан құрылған бөлімнің меңгерушісі болып тарих ғылымдарының кандидаты, доцент   С.К. Рүстемов тағайындалды.

 Бөлімнің негізін қалаушы – Қазақстанның көрнекті ғалымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, бас ғылыми қызметкері Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбек (1929.15.01 – 2015.15.05).

М.-А.Х. Асылбек Қазақстанның тарихшы-демографтарының көшбасшысы еді. Осы саладағы өзінің ғылыми мектебін құрып, жоғары білікті ғылыми ізбасарларын даярлаған. Оның жетекшілігімен 12 ғылым докторлары, 50 ғылым кандидаттары диссертациялар қорғады.

 Өнегелі шәкірт, ұлағатты ұстаз белестерінен өткен академик М.-А.Х. Асылбек өмірінің соңғы жылдары дамып келе жатқан отандық тарих ғылымындағы тұлғатану саласына да өзіндік үлесін қосқан. Оның жетекшілігімен және қатысуымен қазақтың көрнекті қайраткерлері Ә. Бөкейхан, М. Тынышпаев, Т. Рысқұлов және т.б., танымал ғалым-ұстаздар А.М. Панкратова, П.Г. Галузо, С.Б. Бәйішев, А.Н. Нүсіпбеков, Б.С. Сүлейменов, Т.Тәжібаев, Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, Р.Б. Сүлейменов, М.Қ. Қозыбаев және Ж.Қ. Қасымбаевтың ғылыми мұрасы мен қызметіне арналған диссертациялық жұмыстар қорғалып, монографиялық еңбектері мен мақалалары жарық көрді. М.-А.Х. Асылбек 351 ғылыми еңбектің, оның ішінде 15 монографияның авторы.

2012 жылдың 1 наурызында «Тарихи демография және әлеуметтік процестер» бөлімі «Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері» бөлімі болып қайта құрылды. Бөлімнің меңгерушісі болып тарих ғылымдарының докторы, доцент, бас ғылыми қызметкері А.И. Құдайбергенова тағайындалды.

А.И. Құдайбергенова  4 монография, 200-ге жуық мақалалардың авторы. Оның жетекшілігімен 2 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы, 1 тарих магистрі диссертацияларын сәтті қорғады.

А.И. Құдайбергенова Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты тарапынан қолдау көрсетілген ERI/2015-004 номерлі «Қазақстандағы түрік-месхеттер: тарихи-демографиялық талдау» тақырыбындағы 2016-2017 жж. арналған халықаралық ғылыми іргелі жобаға жетекшілік етті.

Әр жылдары бөлімде тарих ғылымдарының кандидаттары: Қ.М. Ерімбетова, А.С. Уалтаева,  Қ. Еңсенов, Ш.А. Салимгереева, PhD докторы Т.Ә. Әпендиев және ғылыми қызметкерлер А.Ж. Абуов, А. Альмағамбетова, К.А. Саркенова қызмет атқарды.

Бөлім қызметкерлері гранттық «ХVІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың бас кезі аралығындағы Қазақстан территориясы мен халқы (тарихи демографиялық талдау), «ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың бас кезі аралығындағы Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы», «Қуғын-сүргін» санағы (Қазақстан халқы 1937 және 1939 жылдардағы Бүкілодақтық халық санақтары бойынша: қорытындылары және сабақтары), «Қазақстан халқының көпэтностық құрамының қалыптасуы мен дамуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасырдың бас кезі)», 2015-2016 жылдарға «Халық тарих толқынында» басымдығы бойынша «Қазақстан түркі халықтары: тарихи-демографиялық талдау (ХІХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басы)» деген тақырыптар бойынша іргелі ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді.

Қазіргі кезде бөлімде 8 қызметкер жұмыс істейді: бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, доцент, бас ғылыми қызметкер Құдайбергенова А.И.; тарих ғылымдарының докторы, профессор, бас ғылыми қызметкер З.Т. Садвокасова; тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, бас ғылыми қызметкер К.К. Сарсембина; PhD доктор, аға ғылыми қызметкер Т.Ә. Әпендиев; институттың докторанты, ғылыми қызметкер К.М. Мурзаходжаев; гуманитарлық ғылымдар магистрлері: ғылыми қызметкер Г.А. Омарова, кіші ғылыми қызметкер А.Р. Бейсембаева және кіші ғылыми қызметкер Е. Ешім.

 Бөлім қызметкерлері тарихи демография, оның әдістемесі, Қазақстанның халықтану тарихы, саяси қуғын-сүргін тарихын, соның ішінде саяси қудалауға ұшыраған аналар  туралы және  т.б. мәселелерді зерттеумен айналысады.

Сондай ақ, бөлім қызметкерлері 2018-2020 жылдарға арналған гранттық «АЛЖИР-де азап шеккен аналар тағдыры (1938-1953 жылдар)» және «Бағдарламалық мақсатты қаржыландырылатын» «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» деген гранттық жоба бойынша да  іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Бөлім қызметкерлерінің зерттеу жұмысының нәтижелері монографиялар түрінде көпшілік ғылыми қауымға ұсынылуда.

 Монографиялар:

– Население Казахстана по Всесоюзной переписи населения 1939 года. В 5-ти томах / Составители: М.Х. Асылбеков, К.А. Енсенов, А.И. Кудайбергенова, Г.А. Омарова, Ш.А. Салимгереева, А.С. Уалтаева. и др. 1 том. – Алматы: Арыс, 2009. – 400 с.

– Асылбеков М.Х., Козина В.В. Народонаселение Казахстана в условиях суверенитета. – Алматы: Тарих тағылымы, 2010. – 152 с.

– Құдайбергенова А.И. Қазақстандағы көші-қон үрдістерінің тарихи демографиялық қыры (1917-1991). – Алматы: Елтаным, 2011. – 416 б.

– Уалтаева А.С. Население малых городов Казахстана. – Алма-Ата: Веретельников, 2011. – 210 с.

– Асылбек М-А.Х., Ниязханқызы Г. Тәуелсіз Қазақстан халқының көші-қоны: (1991-2010 ж.ж.). – Өскемен; Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, 2013. – 156 б.