omarovaОмарова Гүлнар Әлімбекқызы – тарихшы. 1978 жылы 13мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Киров (Мақтарал) ауданы Асық-Ата ауылында дүниеге келген. Қыздар педагогикалық институтының тарих факультеті (1999 ж.) мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аспирантурасын (2003 ж.) тамамдаған. 2003 жылдан бастап Тарихи демография және әлеуметтік процестер бөлімінің кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Польша Республикасы Познань қаласы Адам Мицкевич университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен (2010-2011 жж.).

Қазақстанның тарихи демографиясы тақырыбына арналған 20-дан астам ғылыми мақаланың авторы. Ғылыми жинақтардың құрастырушысы «Қазақстанның тарих ғылымы» (А. 2005),  «Население Казахстана по Всесоюзной переписи населения 1939 года. В 5-ти томах. 1 том.» (А. 2009).