Зардыхан    Қинаятұлы 1940 жылы Моңғолияда туған

zardykhanЗардыхан Қинаятұлы – Тарихшы, медиевист, тарих ғылымының докторы (1987). Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ мемлекеттілігі тарихы және оның моңғол ұлыстары билігі дәуіріне арналған.    

1965 ж. Моңғолияның мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген.

1972-1975 жж. КПСС Орталық Комитеті жанындағы қоғамдық ғалымдар академиясының аспирантурасын бітіріп «Ұлттық сананың қалыптасуының келелі мәселелері» тақырыбында философия ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған.

1987 жылы осы академияда «Моңғол халқының патриоттық және Интернационалшылдық санасының қалыптасуы 1921-1960 жж.» тақырыбында тарих ғылымының докторы дәрежесін қорғайды.

Моңғолияда ғылыми, көпшілік және Үкімет органдарында қызмет жасайды.

1965-1972, 1987-1991 жылдары МХРП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1975-1987 жылдары Моңғолия кәсіподақтары Орталық Кеңесінің хатшысы.

1991-1992 жылдары Моңғолияның Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары.

1992-1993 жылдары Моңғолияның тұрақты Парламенті Бага хуралының спикері. 1993-1994 жылдары Моңғолияның Ташкенттегі бас консулы.

1994-1997 жылдары Қазақстан Республикасындағы Моңғолия елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарады.

1997 жылдан кәзірге дейін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері міндетін атқарып келеді.

 

Моңғолияың саяси және қоғам қайраткері. 1990-1991 жылдары Моңғолияда болған мамық төңкерісінің саяси жетекшілерінің бірі, Моңғолияның 1992 жылғы демократиялық жаңа Конституциясының авторларының бірі. 1990-1992 жылдары жазған кейбір мақалалары АҚШ, Ресей, Жапония, ҚХР-да жарық көрген.

1994 жылы Моңғолиядан ата жұртына бір жола оралғаннан кейін институтымыздың қабырғасында ғылыми зерттеу жұмысына түбегейлі бет бұрып, отандық орта ғасыр тарихының күрделі мәселелері, оның ішінде Қазақ мемлекеттілігі тарихын зерттеумен айналысып келеді.

Моңғолияның «Еңбек Қызыл Ту Ордені», «Ерен еңбегі үшін медалі» және «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалымен марапатталған. 2012 жылғы желтоқсанның 5-дегі жарлық бойынша Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Негізгі ғылыми еңбегі:

 

Социализм бе әлде өркениеттің дамуы ма? (моңғол тілінде) // УБ., 1991. 160 бет.;

Ардчилал өрнөсөн анхны жилүүд (моңғол тілінде), УБ. 2009. – 213 бет.)

Жылаған жылдар шежіресі. (тарихи көркем публицистика) Алматы., 1995. -275 б.;

Моңғолиядағы қазақтар. Алматы., 2001. -318 бет.;

Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары: ІХ-ХІІ ғасыр. «Елорда». 2001. -206 б.;

Қазақ мемлекеті және Жошы хан /Тарихи сараптамалық зерттеу). Ел орда., 2004. -340 б.;

Моңғолиядағы қазақтар. – Алматы. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2007. 2-кітап. -256 бет.

Көз қарас (ұлт, тарих және адамдар тағдыры жайында) Павлодар. «Brand print» баспасы, 2010. -562 бет.

Көшпенділік ғұмыр. Эссе. Алматы: «Тарих тағылымы», 2010. -336+24 фото суретті жапсырма бет.

Шыңғыс хан және Қазақ мемлекеті. Екі томдық ғылыми зерттеу (монография). Алматы: «Тарих тағылымы», 2010 – 728 б.

Қобдалық қазақтар. Моңғолиядағы қазақтар.Үшінші кітап. Алматы: «Тарих тағылымы», 2012  – 278 б.

История казахской государственности (древность и средневековье): монографическое исследование (қазақ және орыс тілінде) – Алматы: изд. «Адамар»,, 2007. – 416 с. (жоба жетекшісі және авторларының бірі).