Жакишева Сауле Аукенқызы (1956 жылы туылған)

Жакишева Сауле Аукенқызы тарихшы және инженер, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері. Тарихи информатика, тарих ғылымын ақпараттандырудағы заңнамалық үдерістер мен тарихи білім беру мәселелерін зерттейді.

1956 ж. 8 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институты (қазіргі Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) автоматика және есептеу техникасы факультетін, 1987 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдады. 1990 ж. ҚР ҰҒА ОНИОН ғылыми қызметкері, 1998 ж. – аға ғылыми қызметкер, 2008 ж. – ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты тарихнама, деректану және тарихи зерттеулер әдістері бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері. 2005 ж. Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының ғылым және қоғамдық қызмет жөніндегі проректоры.

1996 ж. аспирантураны аяқтағаннан соң ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы байлар-«жартылай феодалдар»: тарихи-деректанулық талдау мәселелері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. (екі мамандық бойынша – 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы; 07.00.09. – Тарихнама, деректану және тарихи зерттеулер әдістері) квантативті (сандық) әдістер және тарихи деректерді қазіргі ақпараттық технологиялар қолдану негізінде зерттеу жүргізу.

2010 ж. С.А. Жакишева «Қазақстандағы тарихи информатика: теория, тарихнама, әдістемелері және технологиялары» (07.00.09. – Тарихнама, деректану және тарихи зерттеулер әдістері мамандығы).

Он бес жылдан аса уақыт бойы ТМД елдері тарихшылары қауымдастығына – халықаралық Ассоциациялар құрамына енген («History@Computing») «Тарих және компьютер» ассоциациясына (ТКА)  басшылық етеді.

2001-2005 жж. 1920-1950 жылдардағы КСРО-дағы репрессиялау бойынша Бірыңғай электрондық банк жүйесін құруда жұмысшы тобының қатарында ҚР-нан бағыттаушы және мүше болып табылды. 1996 ж. бүгінгі күнге дейінгі «Әділет» атты Қазақстан тарихи-ағарту қоғамдастығының Басқару мүшесі болып қызмет атқарып келеді.

ҚР білім және ғылым министрлігінің грант жеңімпазы. 2006 ж. С.А. Жакишева «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» атағын иеленді.

 

Негізгі ғылыми еңбектері:

Историческая информатика в Казахстане: теория, историография, методики и технологии: монография. – Алматы: ЦОП КазАТиСО, 2011. – 336 с.;

Очерки по историографии и методологии истории Казахстана. Вып.2. (в соавторстве) – Алматы: ЦОП КазАТиСО, 2011. С. 184-240, 307- 374;

Количественные методы и новые информационные технологии в истории: методология и историография // Очерки по историографии и методологии истории Казахстана: монография Алматы: КазАТиСО, 2007. – 328 с. – С. 239-277;

Историография и источники по современной истории Казахстана (подраздел «Источники») // История Казахстана с древнейших времен до наших дней. В 5 томах. – Т. 5. – Алматы: Атамура, 2010. – 672 с. – С. 39-45;

Alter ego Ассоциации «История и компьютер» или начало эпохи информатизации исторической науке в РК // Информационный бюллетень Ассоциации «История и компьютер» стран СНГ. – М.: МГУ, 2000. –№ 25. – Март. – 251 с. – С. 85-99;

Массовые исторические источники: определение, классификация, методы исследования // Отан тарихы. – 2010. – № 2. – С. 150-159;

Информационный подход к историческому источнику: теоретико-методологический аспект в исследованиях И.Д. Ковальченко и В.И. Бовыкина // Тhe Kazakh Civilization – Казахская цивилизация. – 2010. – № 3 (39). – С. 36-39;

Идеи междисциплинарности в исторической науке: теоретический аспект // Вестник Казахского педагогического университета им. Абая. Серия «Исторические и социально-политические науки» 2010. – № 3(26). – С. 96-104.