АСЫЛБЕКОВ Малік-Айдар Хантемірұлы

1929 жылы туылған

asylbekovАсылбеков Малік-Айдар Хантемірұлы ХІХ-ХХІ ғғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және демографиялық даму мәселелері бойынша зерттеуші мамандардың бірі, тарих ғылымдарының докторы (1974), ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі (1983), профессор (1983), ҚР ҰҒА академигі (2003), Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1998).

Оңтүстік Қазақстан облысы Қызыл-құм ауданы А.С. Пушкин атындағы жетіжылдық мектептің мұғалімі (1945-1946),

Н.К. Крупская атындағы Шымкент мұғалімдер институтының студенті (1946-1948),

ОҚО Қызыл-Құм ауданы В.И. Ленин атындағы орта мектептің мұғалімі (1948-1949),

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетінің студенті (1949-1954),

Қазақстанның ОК КП жанындағы партия тарихы Институтының кіші ғылыми қызметкері (оқумен қатар) (1953-1954),

В.И. Ленин атындағы орта мектептің директоры (1954-1955),

Оңтүстік Қазақстан облысы Қызыл-құм аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі (1955-1956),

Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы В.И. Ленин атындағы орта мектептің директоры (1956-1958),

Қазақ КСР ҒА тарих, археология және этнография Институтының ғылыми қызметкері (1958-1963),

ҚазКСР ҒА қоғамдық ғылымдар Бөлімінің ғылыми хатшысы (1963-1968),

ҚазКСР ҒА ТАЭИ аға ғылыми қызметкері (1968-1980),

Кеңестік Қазақстанның мәдениет тарихы бөлімінің меңгерушісі (1980-1981),

ҚазКСР мәдениеті және тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімінің меңгерушісі (1981-1984),

ТАЭИ директоры орынбасары (1984-1985),

Кеңестік Қазақстан және индустриалды даму тарихы бөлімінің меңгерушісі (1984-1992),

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық мәселелері бөлімінің меңгерушісі (1992-1994),

Тарих және этнология институтының жаңа заман және тарихи демография бөлімінің меңгерушісі (1995-2001),

Институттың ғылыми қызметкері ( 2001 ж. бастап).

Абай   атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық университетінің профессорымен бірлесе 25 жылдан астам уақыт қызмет жасап келеді, 12 ғылым докторы мен 50 ғылым кандидаттарын даярлады.

500-дей ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары белгілі, олардың ішінде 15 монография, 10 жалпылама ұжымдық еңбектер және брошюралар. «Қазақ КСР тарихы» бестомдығы, «Қазақстан тарихы» бестомдығы, «Қазақстан тарихы» очеркі (1993), сынды еңбектерді бірлесе отырып жазған, «Кеңестік Қазақстандағы жұмысшы тобының тарихы» атты үштомдық еңбектің (1987-1988) редакторы және авторы.

            КСРО-дағы жұмысшы тобы және индустриалды даму мәселелері бойынша жалпыкеңестік ғылыми конференцияларда (Донецк, 1972; Москва, 1975, 1994; Минск, 1976; Оренбург, 1983), сонымен бірге халықаралық (Берлин, 1997) жәнереспубликалық конференцияларда баяндамаларын жасады. 1984 ж. КСРО ҒА (Ташкент) Африка мәселесіне орай өткізілген Ғылыми кеңестің отырысында «Значение для развивающихся стран первых революционных социально-экономических преобразований в республиках Средней Азии и Казахстане (опыт 20-30-х гг.)» тақырыбында баяндама жасады. 1993 ж. қазақстандық қоғамтанушы-ғалымдардың құрамында АҚШ-да ғылыми іс-сапарда болды, Беркли және Сан-Франциско қалаларындағы университеттерде дәріс оқыды.