Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы

 

Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы – ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің  бас ғылыми қызметкері,  тарих ғылымдарының докторы.

1973 жылы 13 желтоқсанда Семей (қазіргі – Шығыс Қазақстан) облысында дүниеге келген. 1991 жылы Абай атындағы орта мектепті үздік аяқтаған соң, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетіне оқуға түседі.

1996 жылы оқуды аяқтаған соң, 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті тарихнама және деректану кафедрасында аспирантурада оқуды жалғастырды. 2002 жылы жеке тектік деректерді зерттеуде түрлі статистикалық талдау әдістерін қолдану жөнінде кандидаттық диссертациясын қорғады. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының іргелі зерттеу бағдарламалары шеңберінде де ғылыми жұмыстар жүргізді. 2003 жылы деректану және тарихнама бөлімінің аға ғылыми қызметкері ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарды.

Осы уақыттан бері Қазақстан үшін ғылыми маңызы зор болып табылатын тарихтағы тарих және ақпараттық технологиялар мәселелеріне байланысты пәнаралық зерттеулермен айналысады. Сандық теңдіктің төмендеуі мемлекеттік бағдарлама аясында ақпараттық кеңістіктегі интернет желісі тарих ғылымының іргелі интеграциясы бойынша бірнеше жобалар жүзеге асырылды, қазақстандық тарихнамаға ғылыми қызығушылықта жаңашыл бағыттағы тұжырымдама ұсынылды, зерттеудің жаңа түрі технотронды – электрондық деректердің ғылыми айналымға енгізу көзделді. 2004 ж. бастап бұл ғылыми болжам (гипотеза) жарияланымдар мен ғылыми баяндамаларда апробацияға ие болды. Институттың іргелі зерттеу бағдарламаларына тарихи ақпараттың электронды формасын тарихнамалық және деректанулық талдау бойынша қолданбалы жобалардың бірқатарын жүзеге асыруда үлес қосты.

Әлімғазинов Қ.Ш. 2007 жылы тарих ғылымдарының Халықаралық комитетіне қабылданған (ТҒХК) «Қазақстан тарихшылары Ассоциациясын» (ҚТА) құру және ұйымның жұмыстарын ұйымдастыруға белсенді қатысты. ҚТА қоғамдық жұмыстар қатарында ҚР алғашқы Президенті Қоры арқылы түрлі уақыттарда таныстырылған ғылыми-білімдік жобаларды әлеуметтік-бағыттық жүзеге асыруға ат салысты. 2004 ж. «Отан тарихы» ғылыми журналын даярлауда және баспаға беруде белсенділік танытты: бас редактордың орынбасары, кейіннен – жауапты редакторылығы қызметін жауапкершілікпен атқарып келеді.

2010 жылы Қ.Ш. Әлімғазинов 07.00.09 – Тарихнама, деректану және тарихи зерттеулер әдістері мамандығы бойынша «Электронды тарихи дерек: теориялық-методологиялық аспектілері және деректанулық талдаудың технологиялары» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Қ.Ш. Әлімғазинов ғылыми жұмыстармен қатар педагогикалық қызметін де белсенді атқара біледі: «Ғылыми зерттеулердің методологиясы», «Мұрағат мекемелерінің ақпараттық қызметі», «Қазақстандағы интеллектуалды меншіктер обьектілерінің бағасы», сонымен қатар Алматы қ. Жоғары оқу орындарында «Қазақстан тарихы» пәнінен дәріс оқиды. 2009 жылғы ҚР Премьер-министрі Канцеляриясының «Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» ММ тапсырысы бойынша, ҚР ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметкерлер үшін халықаралық, ұлттық, мемлекеттік стандарттар, ақпараттық қауіпсіздік саласына қатысты заңнамалар» (ғылыми сараптама, ақпарат көздері, техникалық мамандандыру) негізгі курсын даярлаушы болып табылады.

«Тарих және компьютер» халықаралық Ассоциациясы мүшесі. «Добрососедство» ұйымының Халықаралық лигасымен серіктестікте жұмыс атқарады, ТМД елдері Институттары Ассоциациясы дәріскер ретінде шақыртылды, жас ғалымдардың, жобаға қатысушылардың бірі болып (РФ) жаздық мектептерде дәріс оқиды.

2012 жылғы Ғылыми кеңестің шешімімен бас ғылыми қызметкер қызметіне тағайындалды.

Оның 80-ге жуық ғылыми еңбектері белгілі. Ғылыми қызметінің негізгі бағыты: ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы, Қазақстанның бүгінгі тарихы, ақпараттық деректану, тарихи деректерді талдаудың статистикалық әдістері. Сонымен қатар ғылыми қызығушылықтары аясына жеке меншік обьектілерін бағалу және сараптау мәселелері де жатқызылады.

 

Негізгі ғылыми еңбектері:

1. Очерки по историографии и методологии истории Казахстана. Часть 1 / Абылхожин Ж.Б., Алимгазинов К.Ш., Ерофеева И.В. – Алматы: КазАТиСО, 2007. – 328 с.

2. Историография современной истории Казахстана в системе Интернет // История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В 5-ти томах. – Т.5. – Алматы: Атамұра, 2010. – 672 с.

3. Очерки по историографии и методологии истории Казахстана. Ч.2. / Абылхожин Ж.Б., Алимгазинов К.Ш., Жакишева С.А. – Алматы: КазАТиСО, 2011. – 340 с.

4. Электронные источники по современной истории Казахстана: методология и методики анализа: Монография / Алимгазинов К.Ш. – Алматы, 2011. 390 с.

5. История независимого Казахстана: Монография / Абжанов Х.М., Алимгазинов К.Ш., Алтаев А.Ш. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011. – 400 с.