Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ХХ ғ. Қазақстан тарихы бөлімі

Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлы

ГНС, к.и.н, доцент

kaidar.aldazhum@mail.ru

272- 46-55
64-05

8 777216 48 18

Тарих ғылымдарының кандидаты, бас ғылыми қызметкер, С.М. Киров ат. Каз МУ-дің тарих факультетін бітірген. 1968 ж. жас маман ретінде Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтына қызметке жіберіліп, осында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1990-1994 жж. аграрлық қатынастар бөлімінің меңгерушісі, 1994 ж. желтоқсан – 2008 ж. шілде аралығында Институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып істеді.

Қазақстандағы 20-30 жж. ашаршылық, ұжымдастыру және шаруа көтерілістері, қоғамдық-саяси өмір және саяси репрессиялар тарихын, 1941-1945 жж. соғыс, Қазақстанның Еңбек армиясы мен республикаға жер аударылған халықтар тарихын, кеңестік Қазақстандағы әлеуметтік және этникалық қақтығыстар тарихын зерттеумен шұғылданады. 400-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік  жарияланымдардың авторы, редакторы, оның ішінде «В труде и в бою» (1979, 240 с. авт. ұж.), «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде» (1985, 320 б.), екінші автор  Т.Б. Балақаев), «Шығыс Сарыарқа» (2004, 703 б., авторлар ұжымы) және т.б. монографиялар бар. «Насильственная коллективизация и голод 1931-1933 гг. в Казахстане» (1998, 240 с.), «Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы» (1998, 420 с.) тарихи-құжаттық зерттеулер жинақтары авторларының бірі. 10-нан астам кітапшалар авторы. 5 томдық «Қазақстан тарихын» әзірлеу және шығару жобасы жетекшісінің орынбасары және бас редакциялық алқа мүшесі, 4 том авторларының бірі (1996-2010). 1991-1992 жж. ҚР Парламенті құрған ашаршылық пен репрессия себептерін зерттеу Комиссиясының мүшесі, оның Қорытындысын жазған ғалымның бірі.

Оның ғылыми жетекшілігімен саяси репрессиялар, 30-жылдардағы ашаршылық пен шаруа көтерілістері, жер аударылған халықтар тарихына арналған кандидаттық диссертациялар қорғалған. Көптеген республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларда баяндамалары жарияланған.

1999-2009 жж. жоғары әскери оқу орнында профессор ретінде дәріс берді.

Ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі үшін «Құрмет» орденімен (1998), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1986), Қазақстан Республикасының мерекелік медальдарымен мараптталған, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері (2002).