Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Абылхожин Жулдызбек Бекмұхамедұлы (1951 жылы туылған)

abylgozhinАбылхожин Жұлдызбек Бекмұхамедұлытарихшы, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология Институтының бас ғылыми қызметкері

1951 жылы 23 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы дипломын қолға алған соң, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография Институтының аға лаборанты, ал 1979 жылдан бастап кіші ғылыми қызметкері болып қызмет жасады.

1983 ж. Кеңес мемлекетінің Қазақстан ауылдарындағы колхоздандыруға дейінгі шаруалармен салықтық қарым-қатынастары тарихы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. (ғылыми жетекші – ҚазКСР  ҒА кореспондент мүшесі Г.Ф. Дахшлейгер)  

1985 ж. Институтта аға ғылыми қызметкер, ал үш жылдан кейін – жетекші ғылыми қызметкер қызметін атқарды.

1991 ж.   «Традиционная структура Казахстана: социально-экономические аспекты функционирования и трансформации (1921-1929 гг.)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Оның жетекшілігімен 5 монография (авторлармен бірлесе) және 80-ге жуық ғылыми мақалалары мәлім, оның ішінде Италия, Франция, АҚШ, Швеция, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және т.б. жарық көрген еңбектері белгілі. Ол көптеген халықаралық ғылыми конференциялардың қатысушысы, атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Белорусия, Тәжікстан, сонымен қатар алыс шетелдерден – Туркия, Италия, Франция, Моңғолия, Иран елдеріндегі конференцияларға белсене қатысты. Халықаралық гранттар иегері, 1992 жылы тарих ғылымы бойынша Қазақстандағы жас ғалымдар сыйлығының иегері.

1985 ж. бастап Қазақстан және ТМД елдеріндегі жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы бойынша дәріс оқып келеді. Англия, Франция, Ресей университеттерінде дәріс беріп келеді.

Ғалым Институттың ұжымдық еңбектерін құрастыруға қатысады, оның ішінде «Қазақстан тарихы» бестомдығы (4,5 томдар) іргелі еңбегін жарыққа шығаруда өзіндік үлесін қосты. Оның ғылыми жетекшілігімен 2 ғылым докторы және 4 ғылым кандидаты даярланды.

 

Негізгі ғылыми еңбектері:

Традиционная   структура   Казахстана:   социально-экономические   аспекты функционирования и трансформации (1920-1930-е годы). – Алма-ата: Наука 1991;

Очерки социально-экономической истории Казахстана. XX век. -Алматы; ЮАТ. – 1997;

Страна в сердце Евразии. Алматы: ЮАТ, 1998;

История Казахстана. Народы и культуры. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001;

История Казахстана. Народы и культуры. – Алматы: Дайк-пресс, 2001;

История Казахстана и Центральной Азии. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002;

Очерки по историографии и методологии истории Казахстана. – Алматы, 2007;

Научное знание и мифотворчество в современной историографии Казахстана. Алматы: Дайк-пресс, 2007;

Историография и методология Отечественной истории. – Алматы, 2011;

Kazakhstan: contemporary politics (in co-authorship). – EstBridge Home, Connecticut, USA, 2009;

Группоцентризм и историография // Книга « Многоликая Клио: бои за историю на постсоветском пространстве. – Брауншвайг, ФРГ, 2010;

Some stages of ecological (environmental) history of Ili-Balkhash region) Soviet period)/Reconseptoalizing Cultural and Environmental Change in Central Asia. An historical perspective on the future. – Kyoto, Japan, 2009;

Сталинизм и номадизм: К вопросу о силовой политике седентаризации в Казахстане в конце 1920-х – начале 1930-х годов // Феномен кочевничества в истории Евразии. – Алматы, 2007;

Нечужая война // журнал «Правила игры», май 2011г. Модернизационные опыты в Казахстане // История и культура Казахстана. – Алматы, 2011.