Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімі

Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімі Қаз ССР ҒА ТЭИ тарихнама және ҚазКСР ҒА Призидиумы жанындағы Қоғамдық ғылымдар жөніндегі ғылыми ақпараттар бөлімінің бірігуі негізінде 1990 жылы құрылды. Аталмыш ұйымдық қайта құрулардан кейін қазақстандық тарихнама мектебіне евро-америкалық қазақстанды тану бағыты енгізілуі жаңа методологиялық және дүниетанымдық көзқарастармен отандық тарихнаманы байыта түсті. Батыс ғылымы евразиялық субконтиненті бойынша этнология және тарихи, саяси және әлеуметтік ізденіс әдістерінің пәнаралық деңгейіндегі теориялық негіздерді ала отырып, «КСРО халықтарының бұзылмас достығы мен ағайындығы» абстрактылы теориялық түсінігінің нақты объективті терминдердегі ұлтаралық қақтығыстар мен жабық тұйықтаулар деп түсіндірілетін білім жүйесін қалыптастырды. Шығыстың кеңестік және посткеңестік зерттеулеріндегі академиялық негіздегі америкалық және еуропалық авторларының классикалық еңбектері тарихнамалық базаны қалыптастыратын жарқын еңбектері санатында есептелінетіндіктен қазіргі заманауи геостратегиялық ландшафты саяси мектебінің дамуын айқындайды.

Қазақстан егемендік алған кезеңінде ғылымға деген қаражаттың қысқартылуына қарамастан, бөлімде білікті кадрлар (саны 25 қызметкерден 2010 жылдың басында 7 қызметкерге дейін қысқартылды, олардың екеуі ҒЗЖ жартылай жүктемелік негізде орындады) әр түрлі «тарих пәнінің қосалқы» бағыттарында жұмыс істейтін жоғарғы санаттағы мамандарды сақтап қалды. Сонымен қатар, республикада тұңғыш рет осы бөлімде гуманитарлық ғылымның озық ғылыми бағыты тарихи компьютингті теориялық және қолданбалы зерттеулер әзірлене бастады.

Қазіргі заманауи ақпараттық ғасырда әлемдік инфрақұрылымда Қазақстанды ашық ақпараттық қоғам ретінде ғаламдық үрдісте қалыптастыру айрықша өткір мәселе. Қазақстанда интернетті ғылыми зерттеулер жүргізудегі ақпарат көзі ретінде қолдануға уақыт өткен сайын сұраныс артып келеді. Алайда сандық контентті дұрыс қолданудың жетілдірілген әдістерінің болмауы, мәселелердің деректанулық кешенінің шешілмеуі, зерттеу кеңістігінен электронды деректердің ысырылуына әкелуде. Осы зерттеулердің мақсатты қойылуының алғышарты – пәнаралық әдіс негізінде оны қазіргі Қазақстан тарихындағы үрдістерді зерттеудегі дерек ретіндегі мәнін, деректанулық жағынан зерттеудің теориялық-методологиялық аспектілері мен технологиясын көрсету, осының негізінде ол туралы тарихи дерек ретіндегі мазмұнын қалыптастыру. Зерттеу бағдарламасы Интернеттің тарихи сегментін ғылыми методологияны қолдана отырып деректанулық зерттеу объектісі ретінде зерделеуді қарастырады.

Бөлімнің ҒЗЖ бірнеше бағыттағы зерттеулерді функционалды түрде қарастырады:

  • ғылыми үдерістерді ақпараттандыру саласындағы методологиялық және әдістік негіздегі жаңа тарихи зерттеулерді меңгеру және енгізу;
  • Қазақстан тарихының эмпирикалық деректерінің Институт бөліміінің мамандығына сәйкес жинау, өңдеу және жүйелеу.
  • ғылыми талдау және сараптама;
  • ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды дайындау;

  • гуманитарлық саладағы менеджмент әдістерін үйлестіру және жетілдіру;
  • ғылыми-жарияланымдық қызмет;

Бөлімде соңғы он жылдықта іргелі зерттеу бағыттарының мынадай түрлері әзірленді.

2003-2005 жж. «Қазақстанның тарихнама және деректану контексінде инновациялық әдістер және зерттеу технологиясы».

ҒЗЖ 4 блоктан тұратын алға қойылған шешім бойынша бірегей тақырыптық кешенді зерттеуді қарастырады.

БЛОК 1. 1991-2001 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы: тарихнамалық және тарих білімінің даму мәселесін талдау. Отандық және шетелдік әдебиеттер;

БЛОК 2. көшпенділер қоғамы және дәстүрлі әлеуметтік-саяси жүйесінің жаңару жағдайында өзгерістер енгізу: иновациялық тіл табысу және талдап түсіндіру;

БЛОК 3. Қазақстанның тарихы дүниежүзілік internet желісінде және ҚБСА- да (қашықтықтан басқару спутниктік арнасы);

БЛОК 4. тарихи-гуманитарлық жанрдағы (1986-2001 жж.) басылымдардың және жарияланымдардың электрондық био-библиографиялық тізімдемесі.

2006-2008 жж. «Қазақстан тарихының методологиялық мәселелері: жаңа ғылыми парадигманың орнауы». Жобаны атқарушы кәсіби бағдарлаушылар арасында тақырыптық тапсырмалар бойынша келесі блоктарға бөлінеді:

  • Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихын методологиялық тұрғыда оқыту;

  • Қазақстан тарихнамасын шетелдік тарихнамалық ақпараттармен қамтамасыз ету;

  • Қазақ тілді тарихи интернет: ғылыми бағыттың қалыптасуы;
  • Қазақстанның (медиевистика) ортағасырлық тарихы бойынша қосалқы тарихи пәндер;

  • Тарихи информатика: методология, тарихнама, технология;
  • Тарихи білімнің методологиялық ұстанымдары;
  • Орта Азия тарихыныңбатыс қоғамтануындағы эпистемологиялық тұрғыда зерттелу жолдары;
  • Қазақстанның тарихындағы тарихи тұлғалар: консорциондық талдау әдістемесі.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстан тарихының электронды нұсқасын, қазақ тілдіweb-сайтын құру, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, мақалалар топтамасы, монографияларды жазуды жүзеге асыру. «Қазақстан тарихының тарихнама және методологиялық очерктері» монографиясы жарыққа шықты. – Алматы: «Искандер», 2007. – 328 б. Сондай-ақ, 2007 жылы Фридрих Эберт атындағы қордың көмегімен «Научное знание и мифотворчество в современной историографии Казахстана» монографиясы жарияланды. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 292 с.

Бөлім қызметкерлері «Қазақстан тарихының» IV-V томдық басылымын дайындап шығару жобасының негізгі орындаушылары, сонымен қатар «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының жоба басылымдарына жетекші болды: «Әлемдік тарихи ой» (қазақ тілінде) /Мажитов С.Ф./; «Қазақстан тарихы XVI–XX ғасырлардағы орыс деректерінде» /Ерофеева И.В./;«Қазақстан тарихы (XII-XXғғ.) батыс деректерінде» (орыс тілінде) /Сужиков Б.М./. Бөлім қызметкерлерінің ғылыми зерттеу еңбектері «Отан тарихы» и web-site Институт (www.iie.ks) журналдарында жарияланып отырды. 2007-2009 жж. кезеңінде бөлім «Ұлттық идея. Тарих: өткені мен болашағы» қолданбалы ғылыми зерттеу жобасына белсенді қатысты.

2009-2011 жылдары бөлімде мемлекеттік тапсырыс бойынша «Саяси-этникалық қаржы және XX-XXI ғғ. арасындағы Қазақстан әлеуеті: методология, тарихнама және тарихи компьютинг» жобасының 6.4 «Қазақстан дүниежүзілік тарихи бағдардың жүйесінде: трансконтиненталды өркениеттің даму ерекшеліктері» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізілді.

Жобаның негізгі міндеттері 2007-2012 жж. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік ғылымды дамыту бағдарламасы негізінде жасалған, онда ғылыми зерттеулердің алты басым бағыттарының бірі ретінде «Қазақстанның тұрақты дамуының негізі ретіндегі ұлттық идея» әлемдік ғылымға Қазақстанды интеграциялау үшін жағдай жасау міндетін жүктеген. Жобаны орындаушылардың кәсіби бейімділігіне қарай тақырыптық міндеттер төмендегідей блоктарға бөлінді:

  • БЛОК 1. Дәстүршілік үрдісінің тарихи серпінділігі, XX-XXI ғ.ғ. утилитаризм және модернизм: мәселенің методологиялық аспектілері;
  • БЛОК 2. Қазақстанның және ТМД елдерінің тарих ғылымы: жекешелендіруден бастап ынтымақтастыққа дейін;
  • БЛОК 3.Ұлттық-мемлекеттік бөлініс, ұжымдастыру және индустриализация Батыс Қазақстан посттотолитарлы мектебінің бағалауында;
  • БЛОК 4. Тарихи деректерді деректанулық талдау контексінде компьютерлік өңдеу технологиялары және әдістемелері;
  • БЛОК 5.Егемен Қазақстан (1991-2006 жж.) тарихын гипермәтіннің көпнұсқалы жүйеде көрсету: қағида және ақпараттық қамтамасыз ету технологиясы;
  • БЛОК 6. Академик М.Қ. Қозыбаевтың ғылыми мұрасы: қазақ халқының этникалық ренессансы және Қазақстандағы толерантты әлеуеттің құрылуы.

Жоба шеңберінде тарихнамалық және деректанулық зерттеулер базасы даярланды, концептуальды және методологиялық әдістер мен тәсілдер жасалды, ҒЗЖ бойынша ғылыми мақалалар топтамасы шығарылды.

2012-2014 жылдары бөлімде «Қазақстан тарихы және балама тарихнама: тарихи білімнің балама нұсқасына сыни талдау» тақырыбында ғылыми зерттеу жобасы бойынша зерттеу жүргізілді. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде бірқатар ғылыми жарияланымдар жарыққа шықты.

2015 жылдан бастап бөлім қызметкерлері «Халық жадындағы құжаттық хроникалар: пәнаралық синтез әдістерімен деректанулық зерттеу (компьютерлендірілген талдау және мәліметтер базасын құру)» 2015-2017 жж. атты гранттық қаржыландыру жобасы бойынша жұмыс жүргізуде. Жобаны орындаушылардың кәсіби бейімділігіне қарай тақырыптық міндеттер төмендегідей тарауларға бөлінді:

  • Проблеманың ғылыми шешімі: халық жады деректерінің зерттеу методологиясы (аналитикалық мәтін); «жадты» тарихнамалық және деректік дефиниция ретінде институализациялау; тарихи экскурс және деректерді панорамалық талдау;

  • Батыс тарихнамашыларының ауызша (фольк) тарихты зерттеудегі методологиялық тәсілдері. Шетел авторларының шығармаларына ғылыми-реферативтік шолу;
  • XVIII-XIX ғғ. Қазақстан. Жад – қазақ этносының ревитализациясы механизмі;

  • Қазақстан 1920-1940 жж. Кеңестік модернизация тәжірибесі тұрғылықты халық жадында;

  • Қазақстан кеңестік режим кезеңінде: ауызша тарих естеліктері (1941-1985 жж.);

  • Қазақстан 1985-1991 жж. Құжатнамалық хрониканың тірі куәгерлері.

Жалпы, бөлім қызметінің шеңберінде соңғы он шақты жыл көлемінде екі докторлық, бір кандидаттық және бір PhD докторлық диссертациялар қорғалды.

Бөлім құрамында 8 қызметкер бар: 3 – ғылым докторы, 1 – ғылым кандидаты, 1 – PhD докторы және магистрлер.

Жүгенбаева Гүлбану Саламадинқызы – тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі,  тарих ғылымдарының докторы, бас ғылыми қызметкер.

Абылхожин Жұлдызбек Бекмұхамедұлы – тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің бас ғылыми қызметкері.

Тоқтабай Ахмет Уалханұлы – тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы.

Хинаят Бабақұмар – тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері,  тарих ғылымдарының кандидаты.

Құрманалина Нұргүл Нұрсұлтанқызытарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің ғылыми қызметкері, PhD докторы.

Бұрханов Бимурад Бадритдинұлы тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің ғылыми қызметкері, тарих магистрі.

Байжұманова Зәмзагүл Бекежанқызытарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.

Конкабаева Арайлым Нұрболатқызытарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, тарих магистрі.