Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Category: Жаңалықтар


  • «Орталық Азияның қазақ диаспорасы: тарих – мәдениет – ескерткіштер» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті

    «Орталық Азияның қазақ диаспорасы: тарих – мәдениет – ескерткіштер» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті

    «Ғылым Ордасы» РМК ғимаратында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ғылым Ордасы» РМК-ның Ғылыми кітапханасы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс Комитетінің ұйымдастыруымен «Орталық Азияның қазақ диаспорасы: тарих – мәдениет – ескерткіштер» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция […]

  • Дөңгелек үстел

    Дөңгелек үстел

    Тұңғыш Президент күніне орай Азаматтық авиация академиясында (Алматы қ.)  «Қазақ елінің – 550 жылдық тарихы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысында Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов ХХ ғ. 20-30 жж. ашаршылық пен қуғын-сүргін тарихы мәселесі аясында жан-жақты баяндама жасаса, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев […]

  • Апталық шолу: 24- 30.11.14

    Апталық шолу: 24- 30.11.14

    25.11.14. «Ғылым Ордасы РМК» ғимараты Орталық ғылыми кітапхана залында Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлт көшбасшысы және еліміздің зияткерлік әлеуетінің қалыптасуы» атты Жас ғалымдар форумы өтіп, оған институт тарапынан Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері А.А. Оралова («Елбасы жолдаулары – ғылым мен білімнің бүгіні мен болашағының кілті»), […]

  • Институттың қызметкері, Жүнісбаев Алмас жас ғалымдарға арналған сыйлықтың иегері атанды

    Институттың қызметкері, Жүнісбаев Алмас жас ғалымдарға арналған сыйлықтың иегері атанды

    2014 ж. 28 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысының салтанатты бөлімінде 2014 жылдың ғылым саласындағы үздік жетістіктері үшін атаулы мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері марапатталды. Биыл институттың ғылыми қызметкері және PhD докторанты Жүнісбаев Алмас Әбдіғаниұлының «Санжар Асфендиаров: өмірі мен қызметі (1889-1938)» атты монографиялық еңбегі гуманитарлық ғылымдар саласындағы жас ғалымдарға арналған Мұхтар […]

  • Апталық шолу: 17- 23.11.14

    Апталық шолу: 17- 23.11.14

    18.11.14. Институтта Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы жолдауына орай дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысы институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов кіріспе сөзімен басталды және оның «Мақсат пен мұрат үйлесімі», Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к. С.Ә. Асанованың «Геополитические вызовы и новая Стратегия Казахстана», Сыртқы байланыс, […]

  • Баспасөз баяны

    Баспасөз баяны

    Алматы қаласындағы «Ғылым Ордасы» РМК ғимаратында 2014 ж. 5 желтоқсанында «Орталық Азияның қазақ диаспорасы: тарих – мәдениет – ескерткіштер» атты Халықаралық ғылыми конференция сағат 10.00-да басталады. Қазақ диаспорасының мәселелеріне арналған кезекті ғылыми форумның басты мақсаты жаңа этномәдени, этнографиялық, этносоциологиялық, ескерткіштанулық және т.б. зерттеулердің нәтижелерін халыққа таныстыру болып табылады. Бұл зерттеулер ең алдымен соңғы жылдары ТЭИ […]

  • Методологиялық семинар

    Методологиялық семинар

    Институтта «Ежелгі дүние тарихын зерттеудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында кезекті методологиялық семинар өтті. Семинар жұмысы модератор міндетін атқарған Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаеваның кіріспе сөзімен ашылды. Негізгі баяндамашы Сыртқы байланыс ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев «Тарих ғылымының дамуы – үздіксіз жүріп тұратын үрдіс» дей келе, ғалым жаңа деректердің […]

  • Дөңгелек үстел

    Дөңгелек үстел

    Институт Жас ғалымдары Кеңесі ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті «НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» атты Жолдауына байланысты дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстел жұмысы Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұловтың кіріспе сөзімен ашылды. Дөңгелек үстел жұмысында модератор міндетін т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов атқарып, Жолдаудың негізгі мақсаты мен міндеттеріне тоқтала келе, Елбасы жолдауын […]

  • Апталық шолу: 10-16.11.14.

    Апталық шолу: 10-16.11.14.

    14.11.14. Институтта Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселелер: 1) Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановтың Астана қаласына іс-сапар барысы туралы; 2) 2014 ж. институт қызметкерлерін аттестациялаудың қорытындылары туралы; 3) «Орталық Азиядағы қазақ диаспорасы: тарихы – мәдениеті – ескерткіштері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жайында; 4) 2014 ж. гранттық […]

  • «Әділет қоғамына-25 жыл» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

    «Әділет қоғамына-25 жыл» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

    ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ІІ-ші А. Нүсіпбеков оқулары аясында 2014 ж. 24-желтоқсан сағ.10.00-де Қазақстандағы кеңестік өктемдік зардаптарымен айналысатын «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының құрылуына 25-жыл толуына орай «Әділет қоғамына-25 жыл» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция мынадай секциялар бағыттары бойынша жұмыс істейді: 1. Кеңестік […]