











-
21.01.2021 Қазақ халқының құрамындағы кірмелер мен жүздерге кірмейтін топтар туралы кітап жарық көрді
2021 жылғы 20 қаңтарда Институтта қазақ халқының этникалық тарихына арналған «Инкорпорированные и внежузовые группы казахов (XVIII – начало XX вв.») («Қазақтар құрамындағы кірмелер мен жүздерге кірмейтін топтар (XVIII – XX ғасырдың бас кезені») ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті. Институт қызметкерлерінен басқа, кітапты (монографияны) жазуға Астана, Түркістан және Семей зерттеушілерімен бірге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары
-
19.01.2021 «Қазақстан тарихы. Энциклопедия» атты үш томдық басылым шықты
2018-2020 жж. аралығында «Қазақстанның тарихи энциклопедиясы» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында атқарылған жұмыс нәтижесінде «Қазақстан тарихы. Энциклопедия» 3-томдық басылым әзірленді (әр томның көлемі 800 беттен астам). Үш томнан тұратын энциклопедиялық басылымның әр томына екі мыңдай мақала енгізілген: 1 том («А-Ж»), 2 том («Ж-М»), 3 том («М-Я»). Мақала жазуда тарих ғылымының бүгінгі таңдағы жетістіктерін ескеру басты назарда ұсталынды.
-
12.01.2021 Герат университетінің өкілдерімен онлайн-кездесу
2021 жылы 12 қаңтарда Институт Ауғанстандағы Герат университетінің өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жөнінде онлайн кездесу өткізді. Бұл кездесудің ұйымдастырушысы ретінде Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімі болды. Осы іс-шара барысында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстың бағыттары анықталды, академиялық ұтқырлық және ғылыми кадрларды бірлесіп даярлау мәселелері талқыланды.
-
24.12.2020 «Н. Сәбитовтың ғылыми мұрасы мен қоғамдық-ағартушылық қызметі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп 2020 жылдың 24 желтоқсанында ғалым-шығыстанушы, библиограф, этнолог, филология ғылымдарының кандидаты Нығмет Сәбитовтың 125 жылдық мерейтойына орай «Н. Сәбитовтың ғылыми мұрасы мен қоғамдық-ағартушылық қызметі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияның мақсаты – Қазақстан шығыстануы мен этнологиясының және тарих ғылымдарының қазіргі проблемеларын талқылау және Н.
-
24.12.2020 «Ұлы дала тарихы және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция
БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Рухани жаңғыру» институтымен және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен бірлесіп, 2020 жылғы 23 желтоқсанда белгілі саясаткер, тарихшы-ғалым, т.ғ.д., профессор, қоғам қайраткері Зардыхан Қинаятұлының (1940-2016) 80 жыл туғанына орай «Ұлы дала тарихы және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізді. Конференцияның мақсаты – тарих ғылымының
-
22.01.2021 «ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығындағы Қазақстан тарих ғылымы дамуының жаңа серпіні» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты
ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2021 жылдың 28 қаңтары күні сағат 11.00-де ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы міндеттерін жүзеге асыру аясында «ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығындағы Қазақстан тарих ғылымы дамуының жаңа серпіні» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында көпғасырлық Ұлы
-
18.01.2021 «Инкорпорированные и внежузовые группы в составе казахов (XVIII – XX вв.)» («Қазақ халқының құрамындағы кірме және жүзден тыс топтар (XVIII – XX ғасырдың бас кезеңі)») ұжымдық монографиясының тұсаукесерінің ақпараттық хаты
2021 ж. 20 қаңтарда сағат 12:00-де Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті» атты жобасы аясында дайындалған «Инкорпорированные и внежузовые группы в составе казахов (XVIII – XX вв.)» («Қазақ халқының құрамындағы кірме және жүзден тыс топтар (XVIII – XX ғасырдың бас кезеңі)») ұжымдық монографиясының тұсаукесерін өткізеді. Ұсынылған монографияда XVIII –


