-
Санкт-Петербург (РФ) қаласына жасалған ғылыми іссапар туралы

2026 жылдың 17–30 шілде аралығында «Қазақстандық Оралдағы қазақ-орыс қатынастарының спецификасы: идеология мен практиканың өзара байланысы тарихи аспектіде» (ЖТН AP23487682) атты гранттық қаржыландыру жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес Институттың жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.А. Шотанова және аға ғылыми қызметкер, PhD М.Т. Морякова Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына ғылыми іссапарды жүзеге асырды. Ғылыми сапардың негізгі…
-
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Бақыт Еженханның «Абылай хан дәуіріндегі Қазақ-Цин қарым-қатынастары» атты монографиясының тұсаукесері өтті

2026 жылғы 23 шілдеде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында белгілі қазақстандық шығыстанушы-тарихшы, тарих ғылымдарының докторы Бақыт Еженханның «Абылай хан дәуіріндегі Қазақ-Цин қарым-қатынастары» атты жаңа монографиясының тұсаукесері өтті Ғылыми жиынға еліміздің жетекші тарихшылары мен шығыстанушылары, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар және жас зерттеушілер қатысты. Іс-шараны Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология…
-
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Қожаберген батыр Жәнібекұлы» атты монографияны жарыққа шығарды

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты институттың ғылыми қызметкері Оралова Ақнұр Амангелдіқызының «Қожаберген батыр Жәнібекұлы» атты монографиясын жарыққа шығарды (Алматы: «TURAN» баспасы, 2026. – 232 б. ISBN 978-601-80679-4-5) Монография XVIII ғасырдағы көрнекті қазақ батыры Қожаберген Жәнібекұлының өмірі мен қызметіне арналған. Автор архивтік құжаттар, шежірелік деректер және ауызша тарих материалдары негізінде батырдың Қазақ даласының аумақтық…
-
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

2026 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қазақстандағы әлеуметтік саясат эволюциясы: тарихи трансформациялар, кеңестік мұраның ықпалы және посткеңестік реформалар (ХХ ғасырдың 20–80-жылдары)» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті . Ғылыми іс-шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, оған еліміздің жетекші ғалымдары, жоғары оқу орындарының…
-
В Институте истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова состоялась республиканская научно-практическая конференция

-
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қалмақ Республикасының ғалымдарымен ғылыми ынтымақтастықты жалғастыруда

2026 жылғы 13 шілдеде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Ресей Ғылым академиясы Қалмақ ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Владимир Толтаевич Тепкеевпен кездесу өтті Кездесу барысында Еуразия көшпенділерінің тарихын зерттеу, архивтік деректермен жұмыс, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар халықаралық Scopus деректер базасына енетін ғылыми журналдарға мақала…
-
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Моңғолиямен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуде

2026 жылы 07-11 шілде күндері Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас директоры, ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов, институттың ғылыми қызметкері Сейтхан Шынарбек Моңғолияға іссапармен барып «Шыңғыс хан» ұлттық музейінің директоры Академик С.Чулуун және ЮНЕСКО-ның Көшпенділер өркениетін зерттеу жөніндегі халықаралық институттың директоры PhD докторы Ч.Мөнхтуулмен кездесу өткізді. Іссапапдың негізгі мақсаты 2026 жылы…
-
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мемлекеттік аккредиттеуден сәтті өтті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде мемлекеттік аккредиттеуден сәтті өтіп, бес жыл мерзімге аккредиттелді Тиісті куәлікті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы 9 шілдеде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес берді. Мемлекеттік аккредиттеу – ғылыми ұйымдар үшін міндетті рәсім. Ол институттың…
-
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Сіздерді «Қазақстандағы әлеуметтік саясат эволюциясы: тарихи трансформациялар, посткеңестік реформалар және кеңестік мұраның ықпалы (ХХ ғасырдың 20–80 жылдары)» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз Өткізу уақыты: 11:00 Өткізу орны: 050100, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, «Ғылым ордасы» ғимараты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. Конференция Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың тарихи даму динамикасын зерттеудің…
-
ТҮРКИЯ АРХИВІ МЕН КІТАПХАНАЛАРЫНДА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

2026 жылдың 28 маусымы мен 8 шілдесі аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Оразгүл Хасенқызы Мұхатова мен кіші ғылыми қызметкер Марыс Қадылбек AR26194453 «XVI ғасырдың соңы – XVIII ғасырдағы Қазақстанның сыртқы саясаты тарихының беймәлім беттері (шетелдік…

