Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Author: admin


  • АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2023 ж. 16 қарашасында белгілі тарихшы Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедовтың туғанына 120 жыл толуына орай Республикалық ғылыми конференция өткізеді. Конференция тақырыбы: «Е. ДІЛМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАРИХ» «Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедов 1903 жылы 21 қыркүйекте Шымбай уезінің Көккөл болысының Көккөл ауылында (қазір Қарақалпақ АКСР Бірінші май совхозы) дүниеге келген. Елтоқ Ділмұхамедовтың әкесі Ділімбеттің отбасы […]

  • ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ АНТРОПОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ АҚШ ҒАЛЫМДАРЫМЕН ЖӘНЕ KAZGOR ЖОБАЛАУ АКАДЕМИЯСЫӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

    ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ АНТРОПОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ АҚШ ҒАЛЫМДАРЫМЕН ЖӘНЕ KAZGOR ЖОБАЛАУ АКАДЕМИЯСЫӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

    9 қараша 2023 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Этнология және антропология бөлімінің қызметкерлері HGA компаниясының өкілдері, АҚШ-тық ғалымдар Адахеид Местад және PhD Джейк Калбертсонмен кездесті. Жиынға сонымен бірге KAZGOR жобалау академиясы аудармашысы Серік Сейфуллин мен аталмыш мекеме сәулетшісі Есенгелді Күзембаев қатысты. Қонақтардың келудегі мақсаты АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы ғимаратының құрылысына байланысты қазақ […]

  • ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС ТАРИХШЫ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНЕ ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫ

    ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС ТАРИХШЫ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНЕ ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫ

    30 қазан мен 5 қараша аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Ақсұңқар Тұрсынқызы Абдулина мен аталмыш мекеменің ғылыми қызметкері Малика Темірханқызы Морякова  Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен «Тарихи мәтіндер: оларды жасау және түсіндіру мәдениеті» атты ТМД елдерінің жас тарихшы ғалымдарының халықаралық жазғы мектебіне қатысты. Жылда өткізілетін жазғы мектептің ұйымдастырушылары […]

  • «ҒЫЛЫМ КОНТИНЕНТІ» ҮЛКЕН ЕУРАЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУ

    «ҒЫЛЫМ КОНТИНЕНТІ» ҮЛКЕН ЕУРАЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУ

    2023 жылдың 1-4 қараша аралығында Ресей Ғылым академиясы, РҒА ҒАӘҒИ және Сколтех президиумының алаңында Үлкен Еуразия елдерінің жас ғалымдарының «Ғылым континенті» академиялық форумы өтті. Бұл шара жыл сайын өткізіледі және Ресей Ғылым академиясының 300 жылдығын мерекелеуге арналған үлкен бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Еуразия елдерінің дарынды академиялық жастары үшін тәжірибе алмасу, жаңа кәсіби байланыстар орнату […]

  • Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТ. ТЭИ ӨЗБЕКСТАН ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

    Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТ. ТЭИ ӨЗБЕКСТАН ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

    2 қараша 2023 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетімен әріптестік жөнінде келісімге қол жеткізді. Келісімшартқа қол қоюға Өзбекстан тарапынан университеттің халықаралық байланыс жөніндегі проректоры Раиса Хакимовна Ширинова, антропология және этнология кафедрасының жетекшісі Акбар Давурбаевич Бабабеков ал Қазақстан тарапынан директордың қоғаммен  байланыс жөніндегі орынбасары Ақсұңқар Тұрсынқызы Абдулина мен […]

  • Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА БӨКЕЙ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ МЕН ЖАҢҒЫРУЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР

    Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА БӨКЕЙ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ МЕН ЖАҢҒЫРУЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР

    2023 жылдың 31 қазанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Трансформация көшпелі қоғамды жаңғырту кезеңдерінің бірі ретінде (Бөкей хандығы қазақтарының мысалында)» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Әдістемелік семинардың мақсаты – Бөкей хандығының қайта құру тенденциялары мен модернизациясының нәтижелерін айқындау және хандық тарихына қатысты кеңінен пікірталас құру. Семинар модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор О.Х. Мухатова болды. […]

  • МЫСЫР БИЛЕУШІСІ ТУРАЛЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

    МЫСЫР БИЛЕУШІСІ ТУРАЛЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

    Қарашаның 1-ші жұлдызы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында Қазақстанның Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Дипломатия қызметіне еңбек сіңірген қызметкері Қайрат Ұзақұлы Сәкидің «Байбарс – султан мамлюков из Дешт-и Кыпчака» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі З.Е. Қабылдинов, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Ш.Б. Тілеубаев, Институттың аға сарапшысы, т.ғ.к. Ә.К. […]

  • АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    2023 жылдың 27 қазан  күні Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Абылай ханның қазақ тарихындағы тұлғалық бейнесі мен жүргізген сыртқы дипломатиясына арналған «Абылай хан және іргелес мемлекеттер мен халықтар» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары жоспарланған бағдарлама бойынша іс-шараның модераторлық тізгінін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., Ж. Ошанмен […]

  • ТҮРКИЯЛЫҚ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ, ДОКТОР МУСТАФА ДЕМИРДЖИМЕН БІРЛЕСІП ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    ТҮРКИЯЛЫҚ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ, ДОКТОР МУСТАФА ДЕМИРДЖИМЕН БІРЛЕСІП ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    23 қазан күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Институтына Түркия, Селжұқ университетінің Әдебиет факультетінің профессоры, доктор Мустафа Демирджи қонақта болды. Орта ғасырдағы Ислам өркениетімен зерттеушісі Институт қабырғасында болған кездесуде мекеме директоры, тарих ғылымы докторы, профессор, Қазақстан республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Зиябек Ермұханұлы Қабылдиновпен алдағы уақытта өзара ғылыми серіктестікке алғашқы қадамдар жасады. Түркиялық қонақ […]

  • АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІҒЫЛЫМ КОМИТЕТІШ.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАТҚұрметті әріптестер! Ш. Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институты 2023 жылғы 31 қазанда”Трансформация көшпелі қоғамды жаңғырту кезеңдерінің бірі ретінде (Бөкей хандығы қазақтарының мысалында)” тақырыбында методологиялық семинар өткізеді.Семинар тақырыбы ішкі жəне сыртқы себептері бар қазақтардың көшпелі қоғамының трансформациясына əсер еткен […]