Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Category: Жаңалықтар


  • ИНСТИТУТ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

    ИНСТИТУТ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

    2023 жылғы 15 ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры және директорының орынбасары А.Х. Мұстафина мен Қ.Ш. Әлімғазиновпен кездесу өтті. Кездесу барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, т.ғ. д., профессор З.Е. Қабылдинов келген қонақтарымызды Институттың соңғы бес жылдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерімен […]

  • Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТ. ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ РҒА ҚАЛМАҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ МЕН ФИЛОСОФИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНА ЫҚПАЛЫН ТИГІЗДІ

    Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТ. ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ РҒА ҚАЛМАҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ МЕН ФИЛОСОФИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНА ЫҚПАЛЫН ТИГІЗДІ

    2023 жылғы 14 ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолдауымен РҒА Қалмақ ғылыми орталығының директоры В.В. Куканова ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның академигі С.Т. Сейдумановпен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойды. Кездесуге Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның корр.-мүшесі, профессор З.Е. Қабылдинов, директордың қоғаммен байланыс жөніндегі […]

  • ИНСТИТУТ ҒАЛЫМДАРЫ АМЕРИКАЛЫҚ (ЧИКАГО Қ.) ТАРИХШЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

    ИНСТИТУТ ҒАЛЫМДАРЫ АМЕРИКАЛЫҚ (ЧИКАГО Қ.) ТАРИХШЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

    10 ақпан 2023 жылы Институтта Жас ғалымдар кеңесі (әрі қарай – ЖҒК) мүшелері мен директордың ғылым жөніндегі орынбасары Тлеубаев Ш.Б. және директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Абдулина А.Т., АҚШ Чикаго университетінің зерттеуші-тарихшысы Эбигейл Брэтчермен (Abigail Bratcher) кездесті. Кездесудің мақсаты: Алматы қ. кітапханалар мен мұрағат қорларынан «1945-1991 жж. Қазақ КСР мал шаруашылығын индустрияландыру» тақырыбы бойынша зерттеу […]

  • ИНСТИТУТТА РЕСЕЙ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ҚАЛМАҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ В.В. КУКАНОВА БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    ИНСТИТУТТА РЕСЕЙ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ҚАЛМАҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ В.В. КУКАНОВА БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    2023 жылғы 13 ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Ресей Ғылым академиясының Қалмақ ғылыми орталығының (РҒА ҚҒО) директоры Виктория Васильевна Куканова бастаған делегациямен (Элиста қ., Қалмақ Республикасы, РФ) кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «ХХ ғасырдың 20-50 жж. Орта Азия республикалары аумағындағы қазақтар арасындағы саяси қуғын-сүргін», «Орта Азиядағы […]

  • ИНСТИТУТ КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ БІШКЕКТЕГІ Ж. БАЛАСАҒЫН АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ ӨТТІ (ҚЫРҒЫЗСТАН)

    ИНСТИТУТ КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ БІШКЕКТЕГІ Ж. БАЛАСАҒЫН АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ ӨТТІ (ҚЫРҒЫЗСТАН)

    10 ақпан 2023 ж. Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университетінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлері дайындаған “ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Орта Азия республикалары аумағындағы қазақтар арасындағы саяси қуғын-сүргін” және “Орта Азиядағы қазақтар: тарих және тағдыр (1920-1950 жж.)” кітаптарының тұсаукесері өтті. Салтанатты шараға Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор З. Е. Қабылдинов, ҚҰУ-дың […]

  • ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

    ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

    3 ақпан 2023 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Шартқа сәйкес тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу, инновациялық қызметті дамытуды, сондай-ақ іргелі, қолданбалы зерттеулер саласындағы ғылыми бағдарламаларды бірлесіп орындауды жоспарлап отыр.

  • ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

    ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

    03 ақпан 2023 жылы «Ғылым ордасы» РМК-да еліміздің Үздік ғылыми қызметкерлерін Ғылым саласындағы сыйлық және мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдиновты Гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары жетістігі үшін 2022 жылғы «Үздік […]

  • Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    2023 жылдың 31 қаңтарында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында директор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов бастаған институт басшылығы мен Халықаралық Түркі академиясының президенті Шаһин Маджид оглы Мұстафаевтың кездесуі өтті. Жиынға қазақтың көрнекті тарихшы-шығыстанушысы, ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы Б.Е. Көмеков те қатысты. Институт директоры Шахин Мұстафаевты институттың соңғы […]

  • ИНСТИТУТТЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

    ИНСТИТУТТЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

    24 қаңтар 2023 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында директордың ғылым жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Тілеубаев Шәмек Баянұлы мен Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері кеңестің жаңа төрағасын сайлау жиынын өткізді. Қатысушылар жиналыс барысында онлайн және оффлайн түрде өз пікірлерімен бөлісіп, төрағалық лауазымына лайықты үміткерлерді ұсынып отырды. Ашық талқылаулар мен дауыс берулердің нәтижесінде, модератордың […]

  • САЯСИ ҚУҒЫН СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАНДАРДЫ ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕ ӨҢІРЛІК КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

    САЯСИ ҚУҒЫН СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАНДАРДЫ ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕ ӨҢІРЛІК КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

    Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қарашадағы жарлығын іс жүзінде жүзеге асыруда Мемлекеттік кеңесші Е.Т. Карин мырзаның жетекшілігімен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ғылым комитетінің белсенді қолдауымен XX ғасырдың 20-50-жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстан азаматтарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия өткен жылы үлкен жұмыс жүргізді. Нәтижесінде жалпы көлемі шамамен 800 […]