-
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ Ә.Х. МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ОРДАСЫ ЖАНЫНАН Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ФИЛИАЛЫН АШУ ТУРАЛЫ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ
23 қаңтар 2023 жылы Институт директоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов Павлодар өңіріне іссапармен барып бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Өткізілген кездесулер барысында Павлодар қаласындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы білім ордасы жанынан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының филиалын ашу туралы, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар облыстық мемлекеттік архивімен екіжақты ынтымақтастық туралы пікір алаңы […]
-
ШЫҒЫСТАНУШЫ К.Ш. ХАФИЗОВАНЫҢ ҚАЗАҚ ЭЛИТАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ ТУРАЛЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
2023 жылғы 13 қаңтарда ҚР Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (бұдан әрі – ҚСЗИ) бастамасымен ҚР Президенті Мұрағатында Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың ҚСЗИ баспасына дайындаған «ХVIII–ХIХ ғасырдағы дала билеушілері және олардың дипломатиясы» (Астана, 2022. – 488 б.) монографиясының тұсаукесері өтті. Қ.Ш. Хафизова – шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, халықаралық қатынастар тарихы мен […]
-
Психологтың докторанттарға диссертация жазу және оны қорғау туралы кеңесі
11 қаңтар 2023 ж. Институтта директордың орынбасары А.Т. Абдулина, ғалым хатшы Н.Н. Құрманалина, ғылыми қызметкер М.Т. Морякова мен баспасөз хатшысы Г.Т. Бурибаева, және арнайы шақырылған психолог-маман, НЛП коуч Әсел Тәсеменқызы Жиенбаеваның қатысуымен докторанттарға арналған психологиялық тренинг өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – докторанттардың оқу барысынан қорғау сәтіне дейінгі кездесетін мәселелерді талқылау болды. Психологпен тренинг өткізу барысында […]
-
«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов «Үздік ғылыми қызметкер-2022» атанды 2022 жылдың желтоқсан айының соңына қарай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Үздік ғылыми қызметкер» атты жыл сайын өткізілетін байқауы бойынша еліміздің үздік ғалымдарын анықтады. Аталмыш байқаудың «Гуманитарлық және өнер ғылымдары» бағыттары бойынша жеңімпаздарының қатарында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор […]
-
«ДАЛА ЭКСПЕДИЦИЯСЫ НЕГІЗІНДЕГІ ДЕРЕКТЕР ЖӘНЕ ЕЛ БІРЛІГІН ЕСЕЛЕГЕН АЛТАЙ БИ НАЙМАНБАЙҰЛЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
2022 жылғы 28 желтоқсанда «Алтай би» қоғамдық қоры бастамасымен, Алматы қаласы әкімшілігі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, әл-Фараби атындағы КазҰУ, Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық университеті, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институтының ұйымдастыруымен «Дала экспедициясы негізіндегі деректер және Ел бірлігін еселеген Алтай би Найманбайұлы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция […]
-
Көрнекті этнограф-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат» орденінің иегері, Шығыс елдері халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі Серік Ескендірұлы Әжіғалидің 70 жылдығына арналған Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы
2022 жылғы 23 желтоқсанда ҚР ҒжЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көрнекті этнолог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық Шығыс елдері академиясының корреспондент-мүшесі Серік Ескендірұлы Әжіғалидің 70 жылдығына арналған кеңейтілген ғылыми кеңес отырысын өткізді. Серік Ескендірұлы – этноархеолог, тарих және мәдениет жанашыры, Еуразия даласы ескерткіштері, қазақ халқының халықтық сәулетшілігі және […]
-
БЕЛГІЛІ ТАРИХШЫ БЕГЕЖАН СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ХІХ-ХХ ҒҒ БАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
2022 жылғы 20 желтоқсанда академик «Ақай Нүсіпбеков» оқулары аясында, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты белгілі тарихшы Бегежан Сүлейменовтің 110 жылдығына арналған «ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-теориялық конференциясын ұйымдастырды. Сүлейменов Бегежан Сүлейменұлы (1912-1984) – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР […]
-
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
2022 жылғы 19 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтымен (РЭжБӘИИ) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Кездесу Институттың А. Нүсіпбеков мемориалдық кабинетінде өтті. Радиоэлектроника және байланыс институты тарапынан (РЭжБӘИИ) бастшысы, полковник Даутов Қайрат Сапарбекұлы, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының басшысы, полковник Жанұзақов Арман Жанұзақұлы қатысты. Қол […]
-
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні!
Құрметті оқырмандар! Сіздерді, Ш.Ш Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ыстық ықыласпен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды. Бұл мереке мемлекетіміздің еркіндігі мен қуаттылығының белгісі болып саналады. Еліміздің еңсесі өркендей берсін. Шаңырағымыз шайқалмай, тұғырымыз биік болсын. Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!
-
Методологиялық семинар: «Қазақ тарихын зерттеуде проблемалық тарихнаманы және компаративтік деректануды қолдану әдісі»
2022 жылғы 13 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инсититуты «Қазақ тарихын зерттеуде проблемалық тарихнаманы және компаративтік деректануды қолдану әдісі» атты республикалық методологиялық семинар өткізді. Семинарға қатысуға этнология, тарих, әлеуметтік және мәдени антропология және басқа да қоғамдық және гуманитарлық пәндер саласындағы ғылыми қызметкерлер – мамандар, магистранттар мен докторанттар шақырылып, ғалымдарымыз офлайн және онлайн форматта […]