Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Category: Жаңалықтар


  • ТАРИХ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ ХІ НҮСІПБЕКОВ ОҚУЛАРЫ

    ТАРИХ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ ХІ НҮСІПБЕКОВ ОҚУЛАРЫ

    2023 жылдың 7 желтоқсанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ХІ Нүсіпбеков оқулары аясында «Кеңестік кезеңдегі Қазақстан: тарихы, жеке тұлғалары, өзекті мәселелері (1917-1991 жж.)» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді. Конференция жұмысына көптеген мамандар мен сарапшылар қатысты. Олардың ішінде көрнекті ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, академик А. Нүсіпбековтың туыстары мен жерлестері де […]

  • Қ.М. Мурзаходжаевтың докторлық диссертациясының қорғау алды талқылауы сәтті өтті

    2023 ж. 23-қарашада Әдебиет және өнер институтының мәжіліс залында Философия докторы PhD дәрежесін алуға арналған Қуаныш Мәдиұлы Мурзаходжаевтың 6D020300 – «Тарих» мамандығы бойынша, «Қазақстандағы жәдидтердің мәдени-ағартушылық қызметі (ХІХ ғ.аяғы – ХХ ғ. басы)» атты докторлық диссертацияны қорғау алды талқылау үшін кеңейтілген отырыс өткен болатын. Бұл жиынға Ш.Ш. УӘлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері […]

  • ИНСТИТУТТЫҢ ПОЛЬШАМЕН БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

    ИНСТИТУТТЫҢ ПОЛЬШАМЕН БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

    22 қараша 2023 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Варшава Университетінің проректоры Марчин Гурникевич пен Әскери техникалық академиясының докторы Павел Ставаж қонақта болды. Польшадан келген қонақтармен кездесуге Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Шәмек Баянұлы Тілеубаев, директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Ақсұңқар Тұрсынқызы […]

  • Е.ДІЛМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАРИХ

    Е.ДІЛМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАРИХ

    16 қараша 2023 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедовтың (1903-1990) 120 жылдық мерейтойына орай «Е.Ділмұхамедов және Ұлттық тарих» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстан мен Өзбекстанның белгілі қоғам қайраткерлері, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Елтоқ Ділімбетұлы ғылыми-зерттеу қызметін 1941 жылы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс тарихын зерттеуден бастады. 1947 […]

  • ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ АНТРОПОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ АҚШ ҒАЛЫМДАРЫМЕН ЖӘНЕ KAZGOR ЖОБАЛАУ АКАДЕМИЯСЫӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

    ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ АНТРОПОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ АҚШ ҒАЛЫМДАРЫМЕН ЖӘНЕ KAZGOR ЖОБАЛАУ АКАДЕМИЯСЫӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

    9 қараша 2023 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Этнология және антропология бөлімінің қызметкерлері HGA компаниясының өкілдері, АҚШ-тық ғалымдар Адахеид Местад және PhD Джейк Калбертсонмен кездесті. Жиынға сонымен бірге KAZGOR жобалау академиясы аудармашысы Серік Сейфуллин мен аталмыш мекеме сәулетшісі Есенгелді Күзембаев қатысты. Қонақтардың келудегі мақсаты АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы ғимаратының құрылысына байланысты қазақ […]

  • ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС ТАРИХШЫ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНЕ ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫ

    ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС ТАРИХШЫ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНЕ ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫ

    30 қазан мен 5 қараша аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Ақсұңқар Тұрсынқызы Абдулина мен аталмыш мекеменің ғылыми қызметкері Малика Темірханқызы Морякова  Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен «Тарихи мәтіндер: оларды жасау және түсіндіру мәдениеті» атты ТМД елдерінің жас тарихшы ғалымдарының халықаралық жазғы мектебіне қатысты. Жылда өткізілетін жазғы мектептің ұйымдастырушылары […]

  • «ҒЫЛЫМ КОНТИНЕНТІ» ҮЛКЕН ЕУРАЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУ

    «ҒЫЛЫМ КОНТИНЕНТІ» ҮЛКЕН ЕУРАЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУ

    2023 жылдың 1-4 қараша аралығында Ресей Ғылым академиясы, РҒА ҒАӘҒИ және Сколтех президиумының алаңында Үлкен Еуразия елдерінің жас ғалымдарының «Ғылым континенті» академиялық форумы өтті. Бұл шара жыл сайын өткізіледі және Ресей Ғылым академиясының 300 жылдығын мерекелеуге арналған үлкен бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Еуразия елдерінің дарынды академиялық жастары үшін тәжірибе алмасу, жаңа кәсіби байланыстар орнату […]

  • Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТ. ТЭИ ӨЗБЕКСТАН ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

    Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТ. ТЭИ ӨЗБЕКСТАН ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

    2 қараша 2023 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетімен әріптестік жөнінде келісімге қол жеткізді. Келісімшартқа қол қоюға Өзбекстан тарапынан университеттің халықаралық байланыс жөніндегі проректоры Раиса Хакимовна Ширинова, антропология және этнология кафедрасының жетекшісі Акбар Давурбаевич Бабабеков ал Қазақстан тарапынан директордың қоғаммен  байланыс жөніндегі орынбасары Ақсұңқар Тұрсынқызы Абдулина мен […]

  • Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА БӨКЕЙ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ МЕН ЖАҢҒЫРУЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР

    Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА БӨКЕЙ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ МЕН ЖАҢҒЫРУЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР

    2023 жылдың 31 қазанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Трансформация көшпелі қоғамды жаңғырту кезеңдерінің бірі ретінде (Бөкей хандығы қазақтарының мысалында)» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Әдістемелік семинардың мақсаты – Бөкей хандығының қайта құру тенденциялары мен модернизациясының нәтижелерін айқындау және хандық тарихына қатысты кеңінен пікірталас құру. Семинар модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор О.Х. Мухатова болды. […]

  • МЫСЫР БИЛЕУШІСІ ТУРАЛЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

    МЫСЫР БИЛЕУШІСІ ТУРАЛЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

    Қарашаның 1-ші жұлдызы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында Қазақстанның Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Дипломатия қызметіне еңбек сіңірген қызметкері Қайрат Ұзақұлы Сәкидің «Байбарс – султан мамлюков из Дешт-и Кыпчака» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі З.Е. Қабылдинов, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Ш.Б. Тілеубаев, Институттың аға сарапшысы, т.ғ.к. Ә.К. […]