Тұсаукесер 01.02.2021

2021 жылдың 1 ақпанында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты ҚР Ұлттық кітапханасында «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жинағы мен институт ғалымдары С.М. Борбасов, А.У. Тоқтабай мен жазушы Жәди Шәкенұлы қатарлы авторлардың «Қожаберген батыр Жәнібекұлы» атты монографияның тұсаукесер рәсімін өткізді. Институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов басқарған аталмыш іс-шараға екі ғылыми еңбектің авторлары мен

Институт кітапханасына табысталған кітап («Altın Orda hanlığına ait resmi yazışmalar») 30.01.2021

Институт кітапханасына Анкара университеті (Түркия) тарих бөлімінің докторанты Муталиев Мейірбол «Altın Orda hanlığına ait resmi yazışmalar» (A. Melek Özyetgin, İlyas Kemaloğlu) атты кітапты сыйға тартты. Кітап ескі славян, осман түрікшесі және латын тілдерінде жазылған. Жалпы кітаптың хронологиялық кезеңі: ХІІІ – ХVI ғасырлар аралығы. Яғни Алтын Орда 1242 жылда құрылғанынан бастап 1502 жылдар аралығындағы сыртқы императорлықтардың

«XXI ғасырдың үшінші онжылдығындағы Қазақстан тарих ғылымы дамуының жаңа серпіні» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция 28.01.2021

2021 жылы 28 қаңтарда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласынан туындайтын ел тарихшылары алдындағы міндеттерді сараптайтын «XXI ғасырдың үшінші онжылдығындағы Қазақстан тарих ғылымының дамуының жаңа серпіні» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға Қазақстанның саясаткерлері, қоғам қайраткерлері мен тарихшылары қатысты, олар елдің және қоғамның өсіп келе

Қазақ халқының құрамындағы кірмелер мен жүздерге кірмейтін топтар туралы кітап жарық көрді 21.01.2021

2021 жылғы 20 қаңтарда Институтта қазақ халқының этникалық тарихына арналған «Инкорпорированные и внежузовые группы казахов (XVIII – начало XX вв.») («Қазақтар құрамындағы кірмелер мен жүздерге кірмейтін топтар (XVIII – XX ғасырдың бас кезені») ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті. Институт қызметкерлерінен басқа, кітапты (монографияны) жазуға Астана, Түркістан және Семей зерттеушілерімен бірге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары

«Қазақстан тарихы. Энциклопедия» атты үш томдық басылым шықты 19.01.2021

2018-2020 жж. аралығында «Қазақстанның тарихи энциклопедиясы» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында атқарылған жұмыс нәтижесінде «Қазақстан тарихы. Энциклопедия» 3-томдық басылым әзірленді (әр томның көлемі 800 беттен астам). Үш томнан тұратын энциклопедиялық басылымның әр томына екі мыңдай мақала енгізілген: 1 том («А-Ж»), 2 том («Ж-М»), 3 том («М-Я»). Мақала жазуда тарих ғылымының бүгінгі таңдағы жетістіктерін ескеру басты назарда ұсталынды.

Герат университетінің өкілдерімен онлайн-кездесу 12.01.2021

2021 жылы 12 қаңтарда Институт Ауғанстандағы Герат университетінің өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жөнінде онлайн кездесу өткізді. Бұл кездесудің ұйымдастырушысы ретінде Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімі болды. Осы іс-шара барысында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстың бағыттары анықталды, академиялық ұтқырлық және ғылыми кадрларды бірлесіп даярлау мәселелері талқыланды.

«Н. Сәбитовтың ғылыми мұрасы мен қоғамдық-ағартушылық қызметі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 24.12.2020

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп 2020 жылдың 24 желтоқсанында ғалым-шығыстанушы, библиограф, этнолог, филология ғылымдарының кандидаты Нығмет Сәбитовтың 125 жылдық мерейтойына орай «Н. Сәбитовтың ғылыми мұрасы мен қоғамдық-ағартушылық қызметі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияның мақсаты – Қазақстан шығыстануы мен этнологиясының және тарих ғылымдарының қазіргі проблемеларын талқылау және Н.

«Ұлы дала тарихы және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция 24.12.2020

БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Рухани жаңғыру» институтымен және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен бірлесіп, 2020 жылғы 23 желтоқсанда белгілі саясаткер, тарихшы-ғалым, т.ғ.д., профессор, қоғам қайраткері Зардыхан Қинаятұлының (1940-2016) 80 жыл туғанына орай «Ұлы дала тарихы және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізді. Конференцияның мақсаты – тарих ғылымының

«Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция 23.12.2020

2020 жылғы 22 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75-жылдығына арналған «Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өткізді. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты – Қазақстан Республикасының тарих ғылымының жетекші ғылыми-зерттеу орталығы. Қазақстанда академиялық желіні құрудың бастауы КСРО Ғылым Академиясының

Кішібеков Досмұхамед Кішібекұлының туғанына 95 жыл толуына арналған «Қазақстан тарих ғылымының философиялық мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция 17.12.2020

2020 жылдың 15 желтоқсанында «Ғылым Ордасының» Орталық ғылыми кітапханасының конференц-залында көрнекті ғалым, философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967), ҚР ҰҒА академигі (2003), Қазақ КСР Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1974), Ұлы Отан соғысының қатысушысы (1941-1945) Кішібеков Досмұхамед Кішібекұлының туғанына 95 жыл толуына арналған «Қазақстан тарих ғылымының философиялық мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті. Іс-шараның
?>