«Алтын Ордадан Қазақ хандығына дейін: мемлекеттілік дәстүрлерінің сабақтастығы мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция 24.09.2020

2020 ж. 24 қыркүйекте Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қарағанды облысының әкімдігінің қолдауымен Ұлық Ұлыстың (Алтын Орда) 750 жылдығына арналған «Алтын Ордадан Қазақ хандығына дейін: мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді. Конференцияның мақсаты – Алтын Орда мен Қазақ хандығының тікелей сабақтастығы мен өзара байланысының

«Күнделікті сталинизмді зерттеудің әдіснамалық тәсілдері: сталиндік шаруалар» атты Республикалық дөңгелек үстел 17.09.2020

2020 ж. 17 қыркүйекте Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі «Соғыстан кейінгі онжылдықтағы Қазақстанның шаруалары: әлеуметтік трансформация және күнделікті өмір» жобасын жүзеге асыру аясында «Күнделікті сталинизмді зерттеудің әдіснамалық тәсілдері: сталиндік шаруалар» атты Республикалық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ қоғамының дәстүрлі құрылымының әлеуметтік-экономикалық трансформациясы контекстінде 1920-1950 жылдардағы Қазақстандағы шаруалардың күнделікті

«Қазақтардың XVIII – XX ғасырдың басындағы субэтникалық және этнографиялық топтары» атты тақырыпта Республикалық дөңгелек үстел 15.09.2020

2020 жылғы 15 қыркүйекте Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақтардың XVIII – XX ғасырдың басындағы субэтникалық және этнографиялық топтары» атты тақырыпта Республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырды Дөңгелек үстелдің мақсаты – Еуразия кеңістігіндегі этникалық қауымдастықтарды ассимиляциялау және аккультурациялау тетіктері мен факторларын анықтап, XVIII –

«Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасы 15.09.2020

Ғасырлар бойы қазақтардың тарихи жерінде көптеген халықтардың тағдыры – түрлі мәдениеттер, діндер және дәстүрлер тоғысып жатты. Нәтижесінде қазақтармен бірге 100 аса этнос пен 40 конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүріп жатқан қазіргі ерекше жағдайы орын алып отыр. Бүгінде, Қазақстанда әлемдік қоғамдастықта жоғары бағаға ие болған этносаралық келісімнің өзіндік моделі орнықты. Мемлекетіміздің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттық

Құттықтау! 02.09.2020

Құрметті Зиябек Ермұханұлы! Сізді «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» атты мемлекеттік төсбелгімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл марапат – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерін дамыту контекстіндегі отандық ғылымға қосқан үлесіңіздің жоғары бағасы, сонымен қатар Сіздің басшылығыңызбен институттың ғылыми жетістіктерін мойындаудың дәлелі. Сізге зор денсаулық, бақыт, амандық тілейміз. Барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау 02.09.2020

2020 жылдың 2 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Отырысты институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі З.Е. Қабылдинов ашты, ол Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін атап өтті, республиканың одан әрі экономикалық дамуының негізгі қағидаттарын, сонымен қатар республика халқының әл-ауқатын арттыру үшін қабылдануы тиіс негізгі шараларды атап

«Қазақстан Республикасының Ата Заңы: тұрақтылық пен бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстел 29.08.2020

29 тамызда Институтта Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Ата Заңы: тұрақтылық пен бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстелдің онлайн-отырысы өтті. Іс-шараның модераторы ретінде Институт директоры З.Е. Қабылдинов 1995 жылы елдің Негізгі заңының қабылдануы тәуелсіз демократиялық мемлекет құруда маңызды тарихи мәнге ие болғанын атап өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Конституциясын әзірлеушілердің бірі – Нұрпейісов Еркеш

«Кеңестік Қазақ автономиясының құрылуы – Ұлы даладағы мыңжылдық мемлекеттілік дәстүрдің жаңғыруы» атты халықаралық конференциясы өтті 28.08.2020

2020 жылдың 28 тамызы күні Институтта «Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы» РКФСР БОАК пен ХКК декретінің (1920 жылы 26 тамыз) қабылдануы мен Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына (1920 жыл 6 қазан) 100 жыл толуына орай «Кеңестік Қазақ автономиясының құрылуы – Ұлы даладағы мыңжылдық мемлекеттілік дәстүрдің жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Қазақ Республикасының Тұңғыш Үкіметі байырғы қазақ жерлерін жинады 25.08.2020

2020 жылы 25 тамызда «Ақ жол» демократиялық партиясы «Алаш» институтымен бірлесіп ұйымдастырған Қазақ республикасының 100 жылдығына арналған онлайн-конференция барысында Институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасының құрылу тарихының маңызды сәттері туралы айтып берді. Ол астананың Орынборда болуы кезінде қазақ автономиясының билігі бірқатар мәселелерді, соның ішінде кадрлық, жер, әкімшілік-аумақтық

Автономияға ұмтылыс: Ұлттық қозғалыс және кеңестік декрет 25.08.2020

Биыл кеңестік Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толды. Осы уақытқа дейінгі тарихнамада РКФСР БОАК пен ХКК-нің «Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы» декреті қабылданған 26 тамызды немесе ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі ашылған 4 қазанды республиканың құрылған уақыты ретінде қарастыру орын алды. Біз бұл екі датаны да қате деп есептейміз. Негізі, 1920 жылы 6
?>