Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Category: Жаңалықтар


  • Алматы облысының тарихы зерттеушілердің назарында

    Алматы облысының тарихы зерттеушілердің назарында

    Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Алматы облысының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында «Қарадала және Кеген өңірлері: тарих және қазіргі заман» ғылыми экспедициясы жүргізілді. Экспедицияға  тарихтың қара шаңырағы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтынан,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен, Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық университетінен тарихшы, […]

  • «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

    «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

    2023 жылдың 07 сәуір күні, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» атты ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Конференцияның басты мақсаты – көне заманнан бүгінге дейінгі Атырау […]

  • «Алтын Орда тарихы: бір ғалымның жеке көзқарасы» методологиялық семинары

    «Алтын Орда тарихы: бір ғалымның жеке көзқарасы» методологиялық семинары

    2023 ж. 30 наурызында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Алтын Орда тарихы: бір ғалымның жеке көзқарасы» тақырыбында кезекті әдіснамалық семинарын өткізді. Негізгі баяндамашы ретінде Назарбаев Университетінің (Астана, Қазақстан) қазақ тілі және түркология кафедрасының профессоры және меңгерушісі, Еуразиялық зерттеулер саласындағы PhD, Висконсин-Мэдисон университетінің құрметті профессоры, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының шетелдік мүшесі Юлай Шамильоглу сөз […]

  • Польшаның Қазақстандағы елшісі, доктор, профессор Селим Хезбиевич “Польша мен Литва татарларының тарихы” туралы ғылыми семинар өткізді

    Польшаның Қазақстандағы елшісі, доктор, профессор Селим Хезбиевич “Польша мен Литва татарларының тарихы” туралы ғылыми семинар өткізді

    2023 жылдың 24 наурызында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен көрші елдер тарихы бөлімінің ұйымдастыруымен Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, доктор, профессор Селим Хезбиевич “Польша мен Литва татарларының тарихы” туралы ғылыми семинар өткізді. Директордың ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.к Тлеубаев Ш.Б. басқарған ғылыми семинарға Институт ғалымдары мен жас мамандары […]

  • Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына атсалысқан Институт қызметкерлеріне алғыс хаттарын жолдады

    2023 жылғы 27 наурызда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Е.Т. Қариннің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына атсалысқан Институттың тарихшы-ғалымдарына жолдаған алғыс хаттарды табыстады. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына белсенді араласып, сондай-ақ ұлт тарихы туралы материалдарды дайындауға қосқан зор еңбегі […]

  • «XVIII – XX ғғ. Қазақстан тарихындағы ғылыми терминдер мен ұғымдарды анықтау және біріздендіру» методологиялық семинары

    «XVIII – XX ғғ. Қазақстан тарихындағы ғылыми терминдер мен ұғымдарды анықтау және біріздендіру» методологиялық семинары

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында (бұдан әрі – Институт) 2023 жылғы 15 наурызда «Ежелгі дəуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» көптомдық академиялық басылымды дайындау жобасы аясында «XVIII – XX ҒҒ. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖƏНЕ БІРІЗДЕНДІРУ» тақырыбында методологиялық онлайн-семинар өткізілді. Семинар жұмысы жаңа дəуірдегі Қазақстан тарихының өзекті мəселелерін зерттеудің негізгі бағыттары, ғылыми принциптер мен əдістемелік тəсілдер, тарихи, топонимикалық жəне антропонимдік терминдерді біріздендіру […]

  • Көкшетау университеті жанынан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының филиалы ашылды

    Көкшетау университеті жанынан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының филиалы ашылды

    ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІК, СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС АЙМАҚТАРЫНДА ТАРИХИ- ЭТНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДА ІРГЕЛІ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРУІ ТИІС Қазіргі әлемнің кейбір геосаяси жағдайларына байланысты Қазақстанның Солтүстік, Солтүстік-Шығыс өңірлерінде терең тарихи зерттеулер жүргізу қажеттілі туындап отырғаны ақиқат. Себебі, соңғы уақыттарда кейбір елдердің кейбір саясаткерлерінің осы өңірлерге байланысты әр түрлі теріс және арандатушы пиғылдағы ой-тұжырымдары мен пікірлері орын алып жатқаны жасырын емес. Сондықтан осы […]

  • «Солтүстік Қазақстан облысындағы Поляк арнайы қоныстанушылары (1936-1955 жж.)» құжаттар жинағының тұсаукесері өтті

    «Солтүстік Қазақстан облысындағы Поляк арнайы қоныстанушылары (1936-1955 жж.)» құжаттар жинағының тұсаукесері өтті

    2023 жылғы 17 наурызда «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін және ақтау процестері: бірыңғай деректер базасын құру» МҚБ шеңберінде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Солтүстік Қазақстан облысындағы поляк арнайы қоныстанушылары (1936-1955 жж.)» (Алматы: «Литера-М» ЖШС, 2022. – 384 б.) атты мұрағаттық құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесері өткізілді. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ғылыми кеңесі басылымға ұсынған мұрағаттық құжаттар […]

  • Орынбор қ. ғылыми іссапар 

    Орынбор қ. ғылыми іссапар 

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Ә.К. Шашаев, ғалым хатшы Н.Н. Құрманалина және кіші ғылыми қызметкер В.С. Зікірбаева 2023 жылдың 13-22 ақпан аралығында «ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың ағартушылық қызметі» атты гранттық қаржыландыру жобасы бойынша шетелдік іссапарда болып қайтты. Ғылыми іс-сапардың мақсаты – Орынбор қаласындағы (Ресей Федерациясы) кітапхана және архив […]

  • «Көне Түркі және көне Ұйғыр дәуірі кезеңінің жазба өркениеті VI-XIV-ғ.ғ.» көрмесінің ашылуы өтті

    2023 жылдың 9 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты (ХҚҒЗМИ) бірігіп ұйымдастырған АҚШ елшісінің «Мәдени мұраны сақтау жөніндегі қоры» (AFCP) қаржыландыратын «Көне түркі және көне ұйғыр дәуірі кезеңінің жазба өркениеті VI-XIV ғғ.» көрмесін ашты. Көрменің ресми ашылуында  ҚР Орталық музей директорының орынбасары Ғалия Теміртон, АҚШ-тың Алматы қаласындағы […]