Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Category: Жаңалықтар


  • «Солтүстік Қазақстан облысындағы Поляк арнайы қоныстанушылары (1936-1955 жж.)» құжаттар жинағының тұсаукесері өтті

    «Солтүстік Қазақстан облысындағы Поляк арнайы қоныстанушылары (1936-1955 жж.)» құжаттар жинағының тұсаукесері өтті

    2023 жылғы 17 наурызда «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін және ақтау процестері: бірыңғай деректер базасын құру» МҚБ шеңберінде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Солтүстік Қазақстан облысындағы поляк арнайы қоныстанушылары (1936-1955 жж.)» (Алматы: «Литера-М» ЖШС, 2022. – 384 б.) атты мұрағаттық құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесері өткізілді. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ғылыми кеңесі басылымға ұсынған мұрағаттық құжаттар […]

  • Орынбор қ. ғылыми іссапар 

    Орынбор қ. ғылыми іссапар 

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Ә.К. Шашаев, ғалым хатшы Н.Н. Құрманалина және кіші ғылыми қызметкер В.С. Зікірбаева 2023 жылдың 13-22 ақпан аралығында «ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың ағартушылық қызметі» атты гранттық қаржыландыру жобасы бойынша шетелдік іссапарда болып қайтты. Ғылыми іс-сапардың мақсаты – Орынбор қаласындағы (Ресей Федерациясы) кітапхана және архив […]

  • «Көне Түркі және көне Ұйғыр дәуірі кезеңінің жазба өркениеті VI-XIV-ғ.ғ.» көрмесінің ашылуы өтті

    2023 жылдың 9 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты (ХҚҒЗМИ) бірігіп ұйымдастырған АҚШ елшісінің «Мәдени мұраны сақтау жөніндегі қоры» (AFCP) қаржыландыратын «Көне түркі және көне ұйғыр дәуірі кезеңінің жазба өркениеті VI-XIV ғғ.» көрмесін ашты. Көрменің ресми ашылуында  ҚР Орталық музей директорының орынбасары Ғалия Теміртон, АҚШ-тың Алматы қаласындағы […]

  • «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ МЕН Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ АРАСЫНДА ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ 2023 ЖЫЛҒЫ 28 АҚПАНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

    «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ МЕН Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ АРАСЫНДА ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ 2023 ЖЫЛҒЫ 28 АҚПАНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

    2023 жылғы 28 ақпанда «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты арасында медиа саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Меморандумның мақсаты – әріптестік қатынастарды орнату, өзара тиімді шарттарда тараптар арасында ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ақпараттық және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру кезінде өзара қолдау көрсету болып табылады. Меморандум мақсаттарына […]

  • ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ Ж. ШАЯХМЕТОВ ТУРАЛЫ КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТКІЗІЛДІ 

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ Ж. ШАЯХМЕТОВ ТУРАЛЫ КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТКІЗІЛДІ 

    2023 жылғы 3 наурызда ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (бұдан әрі – Институт) Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері Ж. Шаяхметов туралы («Көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметовтың өмірі мен қызметінен белгісіз беттер ғылыми жобасы шеңберінде) «Көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметовтың өмірі мен қызметінің белгісіз беттері (1902-1966 жж.)» (Алматы: “Литера-М” ЖШС, 2022. […]

  • КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ САРАЛАНДЫ

    КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ САРАЛАНДЫ

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге «Кеңестік Қазақстан: әлеуметтік және этникалық қақтығыстар тарихының тағылымы (1920-1991 жж.)» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.  Ғылыми-практикалық конференцияны Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е.Қабылдинов ашып, бас қосуға Астана қаласынан арнайы келген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары А.Т. […]

  • ҚАЗАҚ ГЕНЕТИКАСЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫН ПРОФЕССОР Р.А. АЛШАНОВ АШТЫ

    ҚАЗАҚ ГЕНЕТИКАСЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫН ПРОФЕССОР Р.А. АЛШАНОВ АШТЫ

    2023 жылғы 28 ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары директор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдиновтың жетекшілігімен «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанұлы Алшановпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Р.А. Алшанов жиналған қауымға 2021 ж. жарыққа шыққан «Жиырма мыңжылдықтардың құпиялары: ізденістер мен жаңалықтар»кітабын ұсынып, «Қазақтардың генетикалық тарихы» […]

  • «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИЕТТЕР ЖӘНЕ КӨШПЕНДІЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. БЕЛГІЛІ ЭТНОЛОГ ҒАЛЫМ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР АХМЕТ УӘЛХАНҰЛЫ ТОҚТАБАЙ 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ

    «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИЕТТЕР ЖӘНЕ КӨШПЕНДІЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. БЕЛГІЛІ ЭТНОЛОГ ҒАЛЫМ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР АХМЕТ УӘЛХАНҰЛЫ ТОҚТАБАЙ 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ

    2023 жылдың 24 ақпан күні Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Жазушылар одағымен, «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесіп, белгілі этнолог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тоқтабай Ахмет Уәлханұлының 70 жылдығына арналған «Қазақстандағы этномәдениеттер мен көшпенділерді зерттеу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференция мақсаты – тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Тоқтабайдың қазақтар мен түркі көшпенділерінің мәдениетін зерттеуге қосқан үлесін, сондай-ақ Қазақстандағы […]

  • ЫСТАМБҰЛ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫМЕН КЕЗДЕСУ

    ЫСТАМБҰЛ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫМЕН КЕЗДЕСУ

    2023 жылдың 17 ақпанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдарымен кездесуге Ыстамбул университетінің Түркітану ғылыми-зерттеулер институтының профессоры “Оспан батыр және Шығыс Түркістандағы ұлттық күрес (1941-1951)” атты кітабының авторы, белгілі зерттеуші Өмір Құл мырза келіп, “Түрік зерттеушілерінің түркі әлемін зерттеудегі негізгі бағыттары: мәелелер мен болашағы” атты семинар өткізді. Кездесуде екі жақ бірлескен ынтымақтастық жұмыстары […]

  • ИНСТИТУТТА ҚАЛМАҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫМЕН БІРЛЕСЕ «ҚАЗАҚ-ҚАЛМАҚ ҚАТЫНАСТАРЫ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

    ИНСТИТУТТА ҚАЛМАҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫМЕН БІРЛЕСЕ «ҚАЗАҚ-ҚАЛМАҚ ҚАТЫНАСТАРЫ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

    2023 жылдың 17 ақпанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ресей Ғылым академиясының (РҒА) Қалмақ ғылыми орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстан және қалмақ: тарих, мәдениет және бірлескен ғылыми ізденістердің болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты – тарихи тағдыры бір қазақ және қалмақ халықтарына қатысты өзекті тарихи мәселелерді талқылау. Бүгінде Қалмақ ғылыми орталығы моңғол халықтарының тарихи-мәдени мұраларын, лингвистикалық және этникалық ерекшелігі мен болмысын, мәдени құндылықтары мен рухани дәстүрлерін зерттеу, сақтау ісіндегі ірі ғылыми орталық болып саналады. Конференцияда құттықтау сөздерімен Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов, РҒА Қалмақ ҒО директоры В.В. Куканова, сондай-ақ […]